Об утверждении Правил прохождения занятий или сборов по боевой подготовке, сборов при кризисных ситуациях военнослужащими, проходящими воинскую службу в резерве в Вооруженных Силах Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил прохождения занятий или сборов по боевой подготовке, сборов при кризисных ситуациях военнослужащими, проходящими воинскую службу в резерве в Вооруженных Силах Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 936
- Қабылданған күні
- 31.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 22.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2025 213112_769442.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25B0000936
- ЭКБ идентификаторы
- 213112
- Редакция идентификаторы
- 213112_769442
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:57
0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту қағидаларын бекіту туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 40-4-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргізу қағидалары 7-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы 31 шілдедегі
№ 936 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту қағидалары
1
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілердің (бұдан әрі – резервтегі әскери адамдар) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту тәртібін айқындайды.
2
2. Резервтегі әскери адамдардың жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан өтуі олардың арналуына сәйкес міндеттерді орындау үшін бөлімшелерді, әскери бөлімдер (мекемелер) мен олардың әскери басқару органдарын оқытып-үйретудің, даярлаудың (үйлестірудің) мақсатқа бағытталған, жүйелендірілген процесін қамтиды.
3 3. Резервтегі әскери адамдарды жауынгерлік даярлаудың жалпы бағыты олардың даярлығын бөлімшелерді уақтылы өрістетуді, жауынгерлік іс-қимылға даярлауды және арналуына сәйкес жауынгерлік міндеттерді табысты орындауды қамтамасыз ететін қажетті деңгейде ұстау және жетілдіру қажеттілігімен айқындалады.
4 4. Резервтегі әскери адамдарды жауынгерлік даярлаудың негізгі міндеттері:
1 1) жауынгерлік әзірліктің жоғары (жедел-қызметтік) дәрежесіне келтіру, жауынгерлік (арнайы) міндеттерді орындау барысында лауазымдық және арнайы міндеттерін орындауға, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы сенімді қолдануға даярлау;
2 2) экипаж, есептоп (ауысым), бөлімше құрамында әрекет етуге даярлау, жауынгерлік машықты жетілдіру;
3 3) қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін меңгеру, оларды дұрыс пайдалануда және жауынгерлік қолдануға әзірлікте ұстауда, қауіпсіздік талаптарын орындауда білімі мен дағдысын дарыту;
4 4) батылдық пен табандылықты, физикалық төзімділік пен ептілікті, қиын жағдайда күштік және психологиялық жүктемені көтеру қабілетін қалыптастыру болып табылады.
5 5. Резервтегі әскери адамдарды жауынгерлік даярлау басқару органы мен әскерді жауынгерлік (жедел-жауынгерлік, жедел-қызметтік) даярлау мәселесі жөніндегі құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырылады.
6 6. Резервтегі әскери адамдар әскери қызмет өткеретін әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) резервтегі әскери адамдарды жауынгерлік даярлаудың жетекшісі болып табылады.
7 7. Резервтегі әскери адамдардың даярлық деңгейін есепке алу үшін жауынгерлік даярлық бойынша жиындарды өткізудің қорытынды кезеңінде жеке және штаттық (құрама) бөлімше құрамында бақылау сабақтары өткізіледі.
8 8. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар мен жиындар өткізу кестесі оқу жылына:
1 1) алғаш рет резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт жасалғаннан кейін үш күн ішінде;
2 2) кейіннен жыл сайын 30 қарашаға дейін жасалады.
Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар мен жиындар өткізу кестесінен үзінді резервтегі әскери адамға оның негізгі жұмыс орны бойынша жіберу үшін беріледі.