Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Горно-Рудная Компания «Қарқаралы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Горно-Рудная Компания «Қарқаралы»
- Атауы (қаз.)
- «Горно-Рудная Компания «Қарқаралы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 271
- Қабылданған күні
- 04.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2025 213118_771198.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25KM00271A
- ЭКБ идентификаторы
- 213118
- Редакция идентификаторы
- 213118_771198
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:56
0 «Горно-Рудная Компания «Қарқаралы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
қауымдық сервитутты белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Горно-Рудная Компания «Қарқаралы»» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2027 жылғы 14 мамырға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының запастағы жерлерінде орналасқан жалпы ауданы - 890,0 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.
2
2. Жер пайдаланушы- «Горно-Рудная Компания «Қарқаралы»» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
3 3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.
4 4. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
5 5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
6 6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 «Горно-Рудная Компания «Қарқаралы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2025 жылғы «4» тамыздағы
№ 271 қаулысына
қосымша
«Горно-Рудная Компания «Қарқаралы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№
Орналасқан жері
Кадастырлық номері
Жалпы көлемі, га
қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;
1
Абильдин М.Н. (ШҚ жүргізу)
09-133-062-141
975,8473
0,8575
2
Қарабұлақ а- нің босалқы жер қоры
140,1646
3
Мухамедияров К.Т. (ШҚ жүргізу)
09-133-062-144
401,3100
56,7480
4
Қарабұлақ а- нің босалқы жер қоры
47,8543
5
Балқантау а/о- нің босалқы жер қоры
6,8954
Барлығы:
1377,1573
252,5198