Құжат мәтініне өту

О субсидировании развития племенного животноводства

Қаулы · № 104 · қабылданған 04.08.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-21317/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О субсидировании развития племенного животноводства Күшін жойған Қаулы ·№ 104 ·04.08.2004
08.01.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О субсидировании развития племенного животноводства

Күшін жойған Қаулы ·№ 104 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О субсидировании развития племенного животноводства
Атауы (қаз.)
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
104
Қабылданған күні
04.08.2004
Көрсетілген редакция
08.01.2021 21317_505318.kaz
Соңғы өзгеріс
08.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04L0003945
ЭКБ идентификаторы
21317
Редакция идентификаторы
21317_505318
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:48

0 Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 заңына сәйкес және облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы №150 шешімімен бекітілген Қызылорда облысының 2003-2005 жылдарға арналған аграрлық азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2004 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуга 10 млн. 720 мың теңге сомасындағы субсидияны беру жөніндегі уәкілетті орган болып облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы белгіленсін.

2 2. Қоса берілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды облыстық бюджеттен субсидиялаудың Ережесі бекітілсін.

3 3. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Ұ. Оралбай) бөлінген субсидияның өз мақсатында пайдаланылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Қ. Ыдырысовқа жүктелсін.

5 ЕРЕЖЕСІ

Облыс әкімиятының
2004 жылғы 5 тамыздағы
№ 104 каулысымен
бекітілген
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды облыстық бюджеттен субсидиялаудың
ЕРЕЖЕСІ

1

1. Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы №150 шешімімен бекітілген "Қызылорда облысының 2003-2005 жылдарға арналған аграрлық азық-түлік" бағдарламасына сәйкес, асыл тұқымды шаруашылықтарға облыстық бюджеттен «Жергілікті деңгейде асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау» 10.1.257.008.000 бюджеттік бағдарламасы бойынша 10 720 000 (он миллион жеті жүз жиырма мың) теңге субсидия бөлу қаралған. Бағдарламаның әкімшісі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (әрі қарай Әкімші) болып табылады.

2 2. Облыстық бюджетте қаралған субсидия көлемінде аттестаты бар, тізімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен бекітілген асыл тұқымды шаруашылықтарға, асыл тұқымды мал өсіруге ынталандыру мақсатында беріледі.

Асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының алынған төлінің әр басына 6132 теңгеден 1 желтоқсандағы, жылқы мен түйе төлінің әр басына 2356 теңгеден 1 шілдедегі, қаракөл қойының элита және I классты қозысының әр басына 639 теңгеден 1 тамыздағы баланстағы есебіне сәйкес қайтарымсыз негізде төленеді.

3 3. Әкімші, Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми -зерттеу институты мал тұқымын асылдандырудың селекциялық жұмыстарын жүргізгендігі туралы қортындысына сәйкес асыл тұқымды шаруашылықтарға субсидияның мөлшерін белгілейді.

4

4. Әкімші, асыл тұқымды шаруашылық басшысы, аудандык (калалық) ауылшаруашылық бөлімінің бастығы мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аудандық аумақтық басқарманың асыл тұкым жөніндегі инспекторы жасаған асыл тұқымды төлдің саны туралы белгіленген нысандағы акт негізінде есептелген қаржы сомасын шаруашылықтың есеп шотына сол жылдың аяғына дейін аударады.

Қолданыстағы