Об установлении санитарно-защитных зон сибиреязвенных захоронений на территории Денисовского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении санитарно-защитных зон сибиреязвенных захоронений на территории Денисовского района
- Атауы (қаз.)
- Денисов ауданының аумағында сібір жарасы көмулеріне жерлердің санитарлық-қорғау аймақтарын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 178
- Қабылданған күні
- 11.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 24.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 11.08.2025 213219_769967.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25NH00178A
- ЭКБ идентификаторы
- 213219
- Редакция идентификаторы
- 213219_769967
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:52
0 Денисов ауданының аумағында сібір жарасы көмулеріне жерлердің санитарлық-қорғау аймақтарын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес бірінші қауіптілік сыныбымен айқындалған, Денисов ауданының аумағындағы бар сібір жарасы көмулеріне жерлердің санитарлық қорғау аймақтарының радиустары 1000 метрде белгіленсін.
2 2. «Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Санитариялық-қорғау аймақтары белгіленетін Денисов ауданының аумағында орналасқан жер учаскелерінің тізімі
Денисов ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «11» тамыздағы
№ 178 қаулысына
қосымша
Санитариялық-қорғау аймақтары белгіленетін Денисов ауданының аумағында орналасқан жер учаскелерінің тізімі