Об утверждении Типового положения о территориальных координационных советах по военно-патриотическому воспитанию
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Типового положения о территориальных координационных советах по военно-патриотическому воспитанию
- Атауы (қаз.)
- Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1015
- Қабылданған күні
- 08.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2025 213242_800656.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25B0001015
- ЭКБ идентификаторы
- 213242
- Редакция идентификаторы
- 213242_800656
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:53
0 Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңестері туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2025 жылғы 16 қыркүйектен ерте емес қолданысқа енгізіледі.
0 Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңестері туралы үлгілік ереже
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы «08»тамыздағы
№1015 бұйрығымен
бекітілген
Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі аумақтық
үйлестіру кеңестері туралы үлгілік ереже
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – аумақтық үйлестіру кеңесі) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен ұйымдары әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілері болып табылады.
2 2-тарау. Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері
2 2. Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:
1 1) әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілерінің келісілген іс-қимылды жүзеге асыруы және олардың қызмет тиімділігін арттыру;
2 2) әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша ақпарат алмасу, оң тәжірибені зерделеу және тарату;
3 3) әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау болып табылады.
3 3-тарау. Аумақтық үйлестіру кеңесінің құрамы
3 3. Аумақтық үйлестіру кеңесінің құрамы азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен ұйымдарының лауазымды адамдары қатарынан қалыптастырылады.
Аумақтық үйлестіру кеңесі мыналардан тұрады:
1 1) үйлестіру кеңесінің төрағасы;
2 2) үйлестіру кеңесінің мүшелері;
3 3) үйлестіру кеңесінің хатшысы.
4 4. Аумақтық үйлестіру кеңесінің төрағасы (бұдан әрі – төраға) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана жергілікті атқарушы органдарының өкімімен тағайындалады.
4.1 4.1. Төраға болып жергілікті атқарушы орган әкімінің әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, сондай-ақ азаматтық қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары тағайындалады.
Әскери-патриоттық тәрбие саласындағы аумақтық үйлестіру кеңесінің қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады.
4.2 4.2. Төраға отырыстың күн тәртібін бекітеді, оны өткізу орны мен уақытын айқындайды, сондай-ақ іс-шаралардың бірлесіп орындаушысын және іс-шаралардың негізгі орындаушысын белгілейді.
5 5. Үйлестіру кеңесінің мүшелері:
1 1) үйлестіру кеңесінің күн тәртібі, оны өткізу күні мен мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізеді;
2 2) отырыстарға материал дайындауға, сондай-ақ үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысады;
3 3) әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша ақпарат алмасу, оң тәжірибені зерделеу және тарату мәселелерін талқылауға және түсіндіруге қатысады;
4
4) аумақтық үйлестіру кеңесінің қызметі мәселесі бойынша төрағаға жүгінеді және аумақтық үйлестіру кеңесіне түсетін ақпаратты белгіленген тәртіппен пайдаланады, сондай-ақ аумақтық үйлестіру кеңесі отырысының жұмысына, сондай-ақ аумақтық үйлестіру кеңесі өткізетін өзге де іс-шараларға жеке өздері қатысады;