Құжат мәтініне өту

Об установлении публичных сервитутов

Өзге акт · № 24 · қабылданған 11.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-213245/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении публичных сервитутов Қолданыста Өзге акт ·№ 24 ·11.08.2025
11.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичных сервитутов

Қолданыста Өзге акт ·№ 24 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичных сервитутов
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
24
Қабылданған күні
11.08.2025
Көрсетілген редакция
11.08.2025 213245_770526.kaz
Соңғы өзгеріс
11.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25UCD0024B
ЭКБ идентификаторы
213245
Редакция идентификаторы
213245_770526
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:52

0 Қауымдық сервитут

белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 19, 69 -баптарына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына, Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасына сәйкес
ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына Кентау қаласы, Хантағы ауылы, Хантағы елді мекенінен «Талшықты-оптикалық байланыс желісі үшін» жалпы алаңы 0,3898 га (3898 ш.м.) жер учаскесін осы шешімнің қосымшада көрсетілген меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. Жер учаскесін пайдалану барысында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан келісімдері алынсын.

3 3. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз етсін.

4 4. «Хантағы ауыл әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалының ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін оның Хантағы ауылы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Б.Алимановқа жүктелсін.

6 6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Қолданыстағы