Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных

Бұйрық · № 415/НҚ · қабылданған 12.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-213253/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных Қолданыста Бұйрық ·№ 415/НҚ ·12.08.2025
12.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных

Қолданыста Бұйрық ·№ 415/НҚ · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных
Атауы (қаз.)
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
415/НҚ
Қабылданған күні
12.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
26.08.2025
Көрсетілген редакция
12.08.2025 213253_780782.kaz
Соңғы өзгеріс
12.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036614
ЭКБ идентификаторы
213253
Редакция идентификаторы
213253_780782
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:51

0 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Өңірлерді цифрлық дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

0 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2025 жылғы 12 тамыздағы
№ 415/НҚ
бұйрығымен бекітілді
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: цифрландыру саласындағы уәкілетті органға.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан мына интернет-ресурста: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/documents/1?lang=kk. орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Жергілікті атқарушы органның цифрлық стандартқа (эталондық стандарт) сәйкес келуі туралы ақпарат.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ЖЦССА-1.
Кезеңділік: жылдық.
Есепті кезең: _____ жыл.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: жергілікті атқарушы органдар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей.
БСН
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште.
Бастама
Тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің атауы
Тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпарат
Цифрлық бастаманың атауы
Тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің атауы
Нақты қол жеткізу және жоспарлы көрсеткіш туралы ақпарат
Телефон _______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы_____________________________________
Орындаушы ________________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын тұлғаларды
қоспағанда) _____________________________________________________

1 Әкімшілік деректерді өтеусіз

негізде жинауға арналған
«Жергілікті атқарушы органның
цифрлық стандартқа (эталондық
стандарт) сәйкес келуі
туралы ақпарат» нысанына
қосымша

1 1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған «Жергілікті атқарушы органның цифрлық стандартқа (эталондық стандарт) сәйкес келуі туралы ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысанды жергілікті атқарушы органдар толтырады.

3 3. Нысанға жергілікті атқарушы органның басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, оның тегін және аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.

4 4. Нысан жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарынан кешіктірілмей беріледі.

5 5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

6 6. Нысан келесідей толтырылады:

1-бағанда бастаманың атауы көрсетіледі;
2-бағанда тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің атауы көрсетіледі;
3-бағанда нақты қол жеткізу және жоспарлы мән көрсетіледі.

Қолданыстағы