Об отмене некоторых приказов Министра обороны Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об отмене некоторых приказов Министра обороны Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарын жою туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1031
- Қабылданған күні
- 13.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2025 213383_771137.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25B0001031
- ЭКБ идентификаторы
- 213383
- Редакция идентификаторы
- 213383_771137
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:50
0 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
кейбір бұйрықтарын жою туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтары жойылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
8 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жойылуға тиіс бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы «13» тамыздағы
№ 1031 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жойылуға тиіс бұйрықтарының тізбесі
1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 692 бұйрығы.
2
2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмысына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 752 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығы.
3
3. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 362 бұйрығы.
4
4. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметке тарифті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 22 тамыздағы № 904 бұйрығы.
5
5. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 752 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 1218 бұйрығы.