Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Бұйрық · № 266 · қабылданған 13.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-213399/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 266 ·13.08.2025
13.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 266 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
266
Қабылданған күні
13.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
02.09.2025
Көрсетілген редакция
13.08.2025 213399_771251.kaz
Соңғы өзгеріс
13.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036637
ЭКБ идентификаторы
213399
Редакция идентификаторы
213399_771251
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:50

0 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, барлық жеке және заңды тұлғалар үшiн меншiк нысандарына қарамастан мiндеттi болып табылады.».

2

2. «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және олардың агломерацияларын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және олардың агломерацияларын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және олардың агломерацияларын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және олардың агломерацияларын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 23-16) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және олардың агломерацияларын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау, сондай-ақ «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.».

3 3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы