О признании утратившими силу некоторых приказов и структурных элементов приказов Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов и структурных элементов приказов Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір бұйрықтары мен бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 320
- Қабылданған күні
- 14.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 02.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 14.08.2025 213407_771210.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036642
- ЭКБ идентификаторы
- 213407
- Редакция идентификаторы
- 213407_771210
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:49
0 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір бұйрықтары мен бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір бұйрықтары мен бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтары мен бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
министрі
2025 жылғы 14 тамыздағы
№ 320
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтары мен бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі
1
1. «Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 320 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31222 болып тіркелген).
2
2. ««Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 179 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32264 болып тіркелген).
3
3. «Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттарын, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді, сондай-ақ азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 180 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32259 болып тіркелген).
4
4. «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 697 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімінің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33793 болып тіркелген).
5
5. «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 10 мамырдағы № 184 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесінің 10-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34359 болып тіркелген).