О внесении изменений в некоторые приказы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы
- Атауы (қаз.)
- Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 318
- Қабылданған күні
- 14.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 02.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 14.08.2025 213410_772704.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036643
- ЭКБ идентификаторы
- 213410
- Редакция идентификаторы
- 213410_772704
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:49
0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрліктерінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 14 тамыздағы
№ 318 Бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі
1. «Сүңгуірлік жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 33 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10369 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережесінің 16-тармағының 70) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сүңгуірлік жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларына:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы сүңгуірлік жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 70) тармақшасына сәйкес әзірленді және сүңгуірлік жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Сүңгуірлік жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Сүңгуірлік жабдық пен жараққа қойылатын қауіпсіздік талаптары»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Сүңгуірлік жұмыстарды және түсулерді жүргізу кезінде сүңгуірлерді медициналық қамтамасыз ету талаптары».
2
2. «Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 45 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10334 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидаларына:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарында және ішкі істер органдарында қызмет өткеру;».
3
3. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 226 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10797 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 59) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидалары осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1 Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидалары
Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың
тізбесіне қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 226 бұйрығымен
бекітілген
Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының
сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидалары
1 1. Осы Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидалары авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу тәртібін айқындайды.
2 2. Мерзімді аттестаттау барысында сыныптылық берілген, сондай-ақ мерзімді, кезектен тыс және қайтадан аттестаттау мен қайта аттестаттау кезінде авариялық–құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларына Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес үстемеақы төленеді.
3
3. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығы үшін үстемеақылар төлеу авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшысының не азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы басшысының сыныптық беру (растау) туралы бұйрығының негізінде, мерзімді аттестаттау қорытындысы бойынша жүргізіледі.
4
4. Мерзімді және кезектен тыс аттестаттау өтпеген авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларына авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшысының не азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы басшысының сәйкес бұйрығының негізінде сыныптылығы үшін үстемеақылар төлеу тоқтатылады.
5
5. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларына сыныптылығы үшін үстемеақылар төлеу олар қайта аттестаттаудан өткен соң авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшысының не азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы басшысының сыныптылығын растау туралы бұйрығының негізінде қайта жалғастырылады.
6
6. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларына сыныптылығы үшін үстемеақылар төлеу қайта аттестаттау кезінде құтқарушы сыныптылығын жоғалтқан (растамаған) жағдайда авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшысының не азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы басшысының сәйкес бұйрығының негізінде тоқтатылады.