Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня особо важных объектов государственной собственности, защищаемых государственной противопожарной службой от пожаров

Бұйрық · № 341 · қабылданған 20.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-213450/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении перечня особо важных объектов государственной собственности, защищаемых государственной противопожарной службой от пожаров Қолданыста Бұйрық ·№ 341 ·20.08.2025
20.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня особо важных объектов государственной собственности, защищаемых государственной противопожарной службой от пожаров

Қолданыста Бұйрық ·№ 341 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня особо важных объектов государственной собственности, защищаемых государственной противопожарной службой от пожаров
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
341
Қабылданған күні
20.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
05.09.2025
Көрсетілген редакция
20.08.2025 213450_771490.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25O0000341
ЭКБ идентификаторы
213450
Редакция идентификаторы
213450_771490
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:42

0 Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 67-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Мемлекеттік өртке қарсы қызметі өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2025 жылғы «____»______
№ ______бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік өртке қарсы қызметі өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі

1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциялары.

2 2. Қазақстан Республикасы Үкімет Аппаратының әкімшілік ғимараты.

3 3. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат әкімшілік ғимараты.

4 4. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс әкімшілік ғимараты.

5 5. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының әкімшілік ғимараты.

6 6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік ғимараты.

7 7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әкімшілік ғимараты.

8 8. «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.

9 9. «Қазақстан Республикасы Президентінің архиві» әкімшілік ғимараты.

10 10. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының автошаруашылығы.

11 11. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету Басқармасының автошаруашылығы.

__________________________

Қолданыстағы