Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 182
- Қабылданған күні
- 15.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 15.08.2025 213481_771664.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25UR00182A
- ЭКБ идентификаторы
- 213481
- Редакция идентификаторы
- 213481_771664
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:48
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 18, 69-баптары, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 31,37-баптарына, Сауран аудандық жер комиссиясының мәжілісінің 2025 жылғы 01 шілдедегі №16 хаттамасына, Сауран аудандық жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесінің жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Кабирхан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (БСН:240240014957) 2024 жылғы 10 сәуірдегі №2605-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензиясына сәйкес, Сауран ауданы Бабайқорған ауылдық округі аумағынан «Қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін» жалпы алаңы 197,0 га жер учаскесін 2030 жылдың 10 сәуіріне дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Кабирхан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстары аяқталғанан кейін бұзылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімнен кешіктірмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз етсін.
3 3. «Сауран ауданы әкімдігінің «Сауран ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) Осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін.