Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О мерах по предупреждению гибели людей на пожарах

Өзге акт · № 482 · қабылданған 02.03.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2135/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О мерах по предупреждению гибели людей на пожарах Күшін жойған 02.03.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О мерах по предупреждению гибели людей на пожарах

Күшін жойған Өзге акт № 482 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по предупреждению гибели людей на пожарах
Атауы (қаз.)
Өрттерде адамдардың қаза болуының алдын-алу шаралары туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
482
Қабылданған күні
02.03.1998
Көрсетілген редакция
02.03.1998 2135_245005.kaz
Соңғы өзгеріс
02.03.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98V000005_
ЭКБ идентификаторы
2135
Редакция идентификаторы
2135_245005
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:48
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Өрттерде адамдардың қаза болуының алдын-алу шаралары туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
1997 жылы өрттерде адамдардың қаза болуы жиiлеп кеттi. Өткен жылы облыста 147 адам, оның iшiнде 6 бала өрт құрбаны болды. Талдаудың көрсеткенiндей өрттердiң 56 процентi және өрт кезiнде адамдардың қаза табуының 90 проценттен астамы тұрғын үйлерде болады.
147 қаза тапқандардың 102 адамы (немесе 69%) алкогольдiк мас болғанда немесе мас адамдардың кiнәсiнен, соның iшiнде 5 бала, қаза тапқан.
Халықтың қолдан жасалған жылыту қондырғыларын пайдалану, орталық газбен жабдықтау жүйесiне газ баллондарын өздiгiнен қосу оқиғалары көбейiп отыр, мұның өзi айтарлықтай материалдық зиян келтiруде және адамдар қаза болуда.
Тұрғын үйлерде өрт қауiпсiздiгiн күшейту, пәтер иелерi кооперативтерi қызметкерлерiн өрттердi болдырмау жөнiндегi ұйымдастырушылық-техникалық шараларды жүргiзуге қатысуға тарту, тұрмыста өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау жөнiнде тұрғындар арасында түсiнiк жұмысын жандандыру мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:

1. 1998 жылғы 1 наурыздан 1 сәуiрге дейiн және 1998 жылғы 1 қарашадан 1 желтоқсанға дейiн тұрғын үйлердiң өртке қарсы үлгiлi жағдайына арналған өрт қауiпсiздiгi айлықтары өткiзiлсiн. Тұрғын үйлердiң үлгiлi жағдайына арналған облыстық айлықтың ережесi бекiтiлсiн (NN№1, 2 қосымшалар).

2. Пәтерлер иелерi кооперативтерiнiң өрт қауiпсiздiгi айлығының жеңiмпаздары деп танылған ұжымдарын көтермелеу үшiн алты сыйлық белгiленедi:

- бiрiншi сыйлықтың мөлшерi - 5000 теңге,
- екi екiншi сыйлық 3000 теңгеден
- үш үшiншi сыйлық 1500 теңгеден.

3. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.Ә.) облыс Әкiмiнiң төтенше жағдайларға көзделген резервтiк қорынан айлықтар жеңiмпаздарына сыйлық беру үшiн 31000 теңге сомасында ақшалай қаражат бөлсiн.

4. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi тұрғын үйлердегi өрт қауiпсiздiгi айлықтарын өткiзудi ұйымдастыруды және ықпал жасауды қамтамасыз етсiн.

5. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет (Коншу В.П.) 1998 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде оқу орындары үшiн тұрмыстағы өрт қауiпсiздiгi шараларын оқыту жөнiнде оқу-әдiстемелiк құралдар әзiрлесiн.

Бiлiм департаментi (Видова О.И.) балалардың мектеп жасына дейiнгi және мектеп мекемелерiнде, жоғары және орта оқу орындарында оқыту бағдарламаларын жүргiзудi қамтамасыз етсiн.

6. Iшкi iстер басқармасы (Лұқпанов Т.М.), мемлекеттiк өртке қарсы қызмет (Коншу В.П.) 20 наурызға дейiнгi мерзiмде сәтсiз жанұяларды есепке алу және белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдарды анықтау жөнiнде бiрлескен шаралар әзiрлесiн. Белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдардың мүмкiн болатын жерлерi бойынша бiрлескен рейдтер ұйымдастырсын.
Iшкi iстер басқармасы (Лұқпанов Т.М.) 1998 жылғы 01 мамырға дейiнгi мерзiмде белгiлi бiр тұрғылықты жерi және жұмысы жоқ адамдарға арналған баспанада, медициналық айықтырғыш үйлерiнде, аудандық бөлiмдерде өрт қауiпсiздiгi жөнiнде бұрыштар мен стендтер безендiрудi ұйымдастырсын. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет (Коншу В.П.) бұрыштар мен стендтерге арналған ақпараттық материалдар берсiн.

7. "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабын орындау үшiн мемлекеттiк өртке қарсы қызмет (Коншу В.П.), облыстық және аудандық газеттер редакциялары, облыстық және коммерциялық теле-, радиоарналар аймақтағы өрт хаупi бар жағдайды және тұрмыстағы және өндiрiстегi өрт қауiпсiздiгi шараларын жариялайтын мерзiмдiк хабарлар мен ақпараттарды тегiн ұйымдастырсын.

8. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi 1998 жылғы 01 мамырға дейiнгi мерзiмде қоғамдық орындарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау жөнiндегi шаралар туралы стендтер мен көрнекi үгiт материалдарын дайындауды және орналастыруды ұйымдастырсын.

9. Шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары, төтенше оқиғалар жөнiндегi комиссия төрағасы Н.Т.Носиковқа жүктелсiн.

10 Тұрғын үйлердегi өрт қауiпсiздiгiнiң айлығы туралы ЕРЕЖЕ

Облыс Әкiмiнiң 1998 жылғы
2 наурыздағы N 482 шешiмiне
N 1 қосымша
Тұрғын үйлердегi өрт қауiпсiздiгiнiң айлығы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Азаматтардың меншiгi мен жеке мүлiгiн өрттен қорғау - өрт қауiпсiздiгi айлығының негiзгi мақсаты болып табылады.

Ұйымдастыру-техникалық шараларды орындау есебiнен тұрғын үйлерде өрт қауiпсiздiгiн нығайтуға бағытталған өрт-профилактикалық жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру, бұған жұртшылықты тарту, оның өрттердiң алдын алудағы ролiн арттыру, сондай-ақ олардың ықтимал зардаптарын шектеу мақсатында өткiзiледi.

2. Айлықты ұйымдастыру және өткiзу

Өрт қауiпсiздiгi айлығын ұйымдастыру және өткiзу үшiн облыстық және аудандық комиссиялар құрылады. Өртке қарсы қорғау жөнiндегi ұйымдастыру жұмысымен шұғылданатын қызметкерлер комиссиялардың мүшелерi болып табылады, олар айлықты насихаттауды жүзеге асырады, оны тұрғын үй массивтерiнде ұйымдастыру жөнiнде жұмыс жүргiзедi.
Комиссия құрамына пәтерлер иелерi кооперативтерiнiң (ПИК) мамандары, инженерлерi, техниктерi, үй бойынша өкiлдер және басқа да қызметкерлер енедi.
Комиссиялар үйлердiң өрт қауiпсiздiгi жөнiнде шаралар жасап, шарттардың орындалу қорытындыларын шығарады.
ПИК-тiң атқарған жұмысы туралы ақпарат 1998 жылғы 1 сәуiрге және 1998 жылғы 1 желтоқсанға аудандық әкiмшiлiктерге түсiрiледi. Аудандық комиссиялар 2-3 ПИК бойынша ұйымдастыру жұмысында жұртшылық iшiнен таңдаулы көрсеткiштерге қолы жеткен белсендiлер туралы материалдарды облыстық комиссияға тапсырады, ал олар айлықтың жеңiмпаздарын анықтайды.

3. Өрт қауiпсiздiгi айлығының шарттары

Тұрғын үйлерде өрттердiң алдын алу жөнiндегi жұмыста жақсы көрсеткiштерге жеткен және мыналарды қамтамасыз еткен ПИК айлықтың жеңiмпазы деп есептеледi:
- тұрғын үйлерге арналған өрт қауiпсiздiгi ережелерiн, Мемлекеттiк өрт бақылауының жазбаша ескертулерiн, байқау комиссияларының ұсыныстарын орындау;
- тұрғын үйлердi отсөндiргiштермен және басқа да өрт сөндiретiн құралдармен жарақтандыру;
- ведомствоның қарауындағы тұрғын секторында бар өрт сөндiрудiң алдыңғы құралдарын, өрт гидранттарын техникалық әзiрлiкке келтiру;
- тұрғын үйлерде өрт-профилактикалық шаралар өткiзу, жөндеу-қалпына келтiру, пiсiру және отпен байланысты басқа да жұмыстарды жүзеге асырғанда өртке қарсы режимдi қатаң сақтау;
- пәтер иелерiмен және пәтер жалдаушылармен өртке қарсы нұсқаулықтар мен әңгiмелердi ұйымдастыру және өткiзу және тұрғын үйлердi өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы жадуалдармен, нұсқаулармен қамтамасыз ету;
- халықты азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша тұрмыстағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiне оқытып-үйрету;
- бекiтiлген тұрғын секторында өрт оқиғаларының болмағандығы;
- пәтер иелерiмен және пәтер жалдаушылармен өрт қауiпсiздiгi шараларын күшейту жөнiнде жиналыстар өткiзу.

4. Өртке қарсы жай-күйдi бағалау әдiстемесi.

Тұрғын үйлердiң өрттiк қауiпсiздiк жай-күйi мына сипаттағы көрсеткiштердiң маңызымен бағаланады:
- өрт қауіпсiздiгi талаптарын орындау;
- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде атқарылған ұйымдастыру-профилактикалық шаралардың көлемi;
- пәтер иеленушiлер мен пәтер жалдаушылар арасында өрт қауiпсiздiгi ережелерiн насихаттау жөнiндегi үгiт-бұқаралық жұмыстың жай-күйi;
- әңгiмелесу мен нұсқау беру арқылы азаматтарды тұрмыстағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiне оқытып-үйрету.
Бағалау балл жүйесi бойынша жүргiзiледi.

5. Тұрғын үйлерге арналған өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң уақтылы орындалуын қамтамасыз еткен ПИК 30 балл алады. Өрт қауiпсiздiгiнiң әрбiр орындалмаған талаптары үшiн 2 баллдан кемiтiледi.

6. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде атқарылған ұйымдастыру шараларының көлемi мына көрсеткiштердiң орындалғаны үшiн берiлетiн баллдар сомасы ретiнде айқындалады:

а) тұрғын үйлер нұсқаулармен, жадуалдармен, өрт қауiпсiздiгi белгiлермен толық қамтамасыз етiлген - 3 балл;

б) шатырлардың, подвалдардың, техникалық қабаттардың, тамбурлардың, баспалдақ алаңшаларының ұсталуы тұрғын үйлердегi өртке қарсы режимдi сақтау жөнiндегi нұсқаулар мен ережелердiң талаптарына сәйкес келедi - 8 балл;

в) эвакуация жолдары бағдарлаулармен және электр жарықтарымен қамтамасыз етiлген - 3 балл;

г) өрт гидранттары бекiтiлген секторда ақаусыз жағдайға келтiрiлген және бағдарламалары бар - 3 балл;

д) ПИК жанында өрт қауiпсiздiгi бұрышы жабдықталған, пәтер иелерiнiң, пәтер жалдаушылардың өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы нұсқаулықтар өткiзiлгенi жөнiнде қолдары қойылған - 4 балл.

22 Тұрғын үйлердегi өрт қауiпсiздiгi айлығын өткiзу жөнiндегi облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ

Облыс Әкiмiнiң 1998 жылғы
2 наурыздағы N 482 шешiмiне
N 2 қосымша
Тұрғын үйлердегi өрт қауiпсiздiгi айлығын
өткiзу жөнiндегi облыстық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Носиков Н.Т. - облыс Әкiмiнiң орынбасары
(комиссия төрағасы)
Комиссия мүшелерi:
Темный Г.В. - облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi
басқарманың бастығы
Коншу В.П. - ШҚО мемлекеттiк өртке қарсы
қызметтiң бастығы
Каширин А.В. - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
департаментiнiң бастығы