Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оплаты проезда ветеранам и инвалидам, направленным на лечение в областные больницы медицинскими учреждениями

Қаулы · № 996 · қабылданған 08.09.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-21351/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
Об утверждении Правил оплаты проезда ветеранам и инвалидам, направленным на лечение в областные больницы медицинскими учреждениями Күшін жойған Қаулы ·№ 996 ·08.09.2004
22.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оплаты проезда ветеранам и инвалидам, направленным на лечение в областные больницы медицинскими учреждениями

Күшін жойған Қаулы ·№ 996 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оплаты проезда ветеранам и инвалидам, направленным на лечение в областные больницы медицинскими учреждениями
Атауы (қаз.)
Медициналық мекелермен облыстық ауруханаларға емделуге жіберілген ардагерлер мен мүгедектердің жол жүру төлемі жөніндегі ережені бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
996
Қабылданған күні
08.09.2004
Көрсетілген редакция
22.04.2024 21351_716677.kaz
Соңғы өзгеріс
22.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04VH001959
ЭКБ идентификаторы
21351
Редакция идентификаторы
21351_716677
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:42

0 Медициналық мекелермен облыстық ауруханаларға емделуге жіберілген ардагерлер мен мүгедектердің жол жүру төлемі жөніндегі ережені бекіту туралы

«Қазақ Совет Социалистік Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Заңына, «¥лы Отан моғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қоргау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Жарлығына. сондай ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы № 148-II «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық әкімиятының 2004 жылғы 17 наурыздағы № 388 «Медициналық мекемелер республикалық ауруханаларга емдеуге бағыттаған ардагерлер мен мүгедектердің жол жүруі ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық департаментінде 2004 жылдың 9 сәуірінде № 1684 тіркелген қаулысына сәйкес Бородулиха ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Медициналық мекемелер облыстық ауруханаға емдеуге бағытталған ардагерлер мен мүгедектердің жол жүру ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Еңбек, жұмыспен камту және халықты әлеуметтік қорғау Бородулиха аудандық басқармасы (Бектембаева Ф.Ф.) жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес 2581500332 «Бородулиха ауданының бөлек категориялы азаматтарына әлеуметтік төлем» бағдарламасы бойынша төлем жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінін орынбасарыА.К. Суйчиновка жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енсін.

1 Медициналық мекемелермен облыстық ауруханаларға емделуге жіберілген, ардагерлер мен мүгедектердің жол жүру төлемінің ережелері

Бородулиха ауданы әкімиятының
2004 жылғы «8» қыркүйек № 996
қаулысына қосымша
Медициналық мекемелермен облыстық ауруханаларға
емделуге жіберілген, ардагерлер мен мүгедектердің
жол жүру төлемінің
ережелері
І. Жалпы ережелер
1. Облыстық ауруханаларға медициналық көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілетін, аурулардың жол жүру құнының төлемі Бородулиха ауданының денсаулық сақтау бөлімі берген белгіленген үлгідегі жолдамасы болған жағдайларда жүргізіледі.
2. Бағдамарламаның әкімшісі Бордулиха ауданының еңбек, жүмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы болып табылады.
3. Аурулардың емделуге және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру төлемін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
2. Аурулардың емделуге және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру
құныньің төлем тәртібі
4. Бородулиха ауданының еңбек, жүмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы аурудың (екі жаққа) жол жүру төлемін мынадай құжаттардың негізінде жүргізеді:
1) өтініш;
2) жеке күәлігі;
3) Бородулиха ауданының денсаулық сақтау бөлімінің жолдамасы;
4) тұратын жерден анықтамалар;
5) жол жүру нақтылығын растайтын билеттер.
5. Заңнамада белгіленген жағдайларда ауруды (екі жаққа) ертіп жүрген адамның жол жүру төлемі жүргізіледі.
6. Медициналық көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілетін, аурулардың және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру төлемі темір жол және қалааралық автомобиль көлігіндегі жол жүру қүнының мөлшерінде жүргізіледі. Ауру мен оны ертіп жүрген адам әуе көлігінде жол жүрген жағдайда төлем теміржол көлігінің купелік вагоны билетінің құнымең жүргізіледі.
7. Емделүге жол жүру нақтылығын растайтын құжаттар емделу жерден келген күннен бастап 45 күннен кешіктірілмей ұсынылу қажет.
8. Ауру мен оны ертіп жүрген адамның жол жүргенін растайтын билеттер жоғалған жағдайда теміржол немесе автовокзалдардың кассаларынан емделу жерге барып қайтуға дейінгі жол жүрудің құнын растайтын анықтама үсынылу қажет.
9. Бородулиха ауданының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы құжаттар үсынылған жағдайда, ақшалай қаражаттарды аурулардың және оларды ертіп жүрген адамдардың жеке шоттарына түсіреді.
Бородулиха ауданының
еңбек, жумыспен қамту және
халықты әлеуметтік қорғау
басқармасының бастығы:
Ф. Бектембаева

Қолданыстағы