Құжат мәтініне өту

О принятии доли участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью «Объединенная вагонно-лизинговая компания» из частной собственности в республиканскую по договору дарения и внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 663 · қабылданған 22.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-213529/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О принятии доли участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью «Объединенная вагонно-лизинговая компания» из частной собственности в республиканскую по договору дарения и внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 663 ·22.08.2025
22.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О принятии доли участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью «Объединенная вагонно-лизинговая компания» из частной собственности в республиканскую по договору дарения и внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 663 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О принятии доли участия в уставном капитале товарищества с ограниченной ответственностью «Объединенная вагонно-лизинговая компания» из частной собственности в республиканскую по договору дарения и внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
«Біріккен вагон-лизинг компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
663
Қабылданған күні
22.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
22.08.2025
Көрсетілген редакция
22.08.2025 213529_780100.kaz
Соңғы өзгеріс
22.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000663
ЭКБ идентификаторы
213529
Редакция идентификаторы
213529_780100
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:40

0 «Біріккен вагон-лизинг компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 13) тармақшасына, 19-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Біріккен вагон-лизинг компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «БВЛК» ЖШС) «БВЛК» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 49 % (қырық тоғыз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) «БВЛК» ЖШС-мен (келісу бойынша) бірлесіп осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

2 2) «БВЛК» ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-220-жолмен толықтырылсын:
«21-220. «Біріккен вагон-лизинг компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетіне:
409-4. «Біріккен вагон-лизинг компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».

3 3. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысында:

Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Біріккен вагон-лизинг компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».
_______________________

Қолданыстағы