Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысындағы тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 239
- Қабылданған күні
- 25.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 06.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2025 213567_771826.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25N000239M
- ЭКБ идентификаторы
- 213567
- Редакция идентификаторы
- 213567_771826
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:38
0 Қостанай облысындағы тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Айқындалсын:
1 1) Қостанай облысындағы тұрғын үй сертификаттарының мөлшері - бастапқы жарна сомасынан 90 пайызы, бірақ 1500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспауы тиіс;
2 2) осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысындағы тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
«Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс,
сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ
басшысының міндетін атқарушы
____________________________ Беленко Л.П.
«____» ________________________ 2025 жыл
5 Қостанай облысындағы тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Мәслихаттың
2025 жылғы 25 тамыздағы
№ 239 шешіміне
қосымша
Қостанай облысындағы тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
1 1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 68-бабымен айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары.
2 2. Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында, сондай-ақ тау-кен және ауыл шаруашылығы салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар.
3 3. «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіби қызметті жүзеге асыратын журналистер (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері).
4
4. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17564 болып тіркелген) бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес жұмысшы мамандықтары бойынша еңбек қызметін (білікті жұмысшы кадрлар (3W)) жүзеге асыратын тұлғалар.