Об установлении санитарно-защитной зоны птицефабрики (фермы) товарищества с ограниченной ответственностью «Бес Қара»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении санитарно-защитной зоны птицефабрики (фермы) товарищества с ограниченной ответственностью «Бес Қара»
- Атауы (қаз.)
- «Бес Қара» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасының (фермасы) санитарлық-қорғау аймағын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 290
- Қабылданған күні
- 25.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2025 213591_772175.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25UK00290A
- ЭКБ идентификаторы
- 213591
- Редакция идентификаторы
- 213591_772175
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:38
0 «Бес Қара» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасының (фермасы) санитарлық-қорғау аймағын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Бес Қара» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасының (фермасы) санитарлық-қорғау аймағы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөліміне (Б.Ауезов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау тапсырылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Н.Талиповқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 «Бес Қара» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасының (фермасы) санитарлық-қорғау аймағын белгілеу туралы
Сарыағаш ауданы әкімдігінің
«25» тамыздағы 2025 жылғы
№290 қаулысына 1-қосымша
«Бес Қара» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасының (фермасы) санитарлық-қорғау аймағын белгілеу туралы
№
Атауы, орналасқан жері
Жер пайдаланушы
Санитарлық-қорғау аймағы
Объектінің көлемі
(гектар)
Шекаралары
1
2
3
4
5
1.
Құс фабрикасы (фермасы), мекенжайы: Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі (кадастрлық нөмірлер 19-296-059-1755, 19-296-059-1756, 19-296-059-1757, 19-296-059-1680)
«Бес Қара» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
15,0 га
Құс фабрикасы (фермасы) шекарасынан 1000 (мың) метр