Құжат мәтініне өту

Об установлении льгот по оплате проезда отдельным категориям граждан на общественном транспорте (кроме такси) города Усть-Каменогорска

Қаулы · № 2647 · қабылданған 26.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-213613/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении льгот по оплате проезда отдельным категориям граждан на общественном транспорте (кроме такси) города Усть-Каменогорска Қолданыста Қаулы ·№ 2647 ·26.08.2025
26.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении льгот по оплате проезда отдельным категориям граждан на общественном транспорте (кроме такси) города Усть-Каменогорска

Қолданыста Қаулы ·№ 2647 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении льгот по оплате проезда отдельным категориям граждан на общественном транспорте (кроме такси) города Усть-Каменогорска
Атауы (қаз.)
Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) азаматтардың жекелеген санаттарына жолақы төлеу бойынша жеңілдіктер белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2647
Қабылданған күні
26.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
30.08.2025
Көрсетілген редакция
26.08.2025 213613_787107.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25VA002647
ЭКБ идентификаторы
213613
Редакция идентификаторы
213613_787107
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:37

0 Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде

(таксиден басқа) азаматтардың жекелеген санаттарына
жолақы төлеу бойынша жеңілдіктер белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Өскемен қалалық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) азаматтардың мынадай санаттарына жолақы төлеу бойынша жеңілдіктер белгіленсін:

1 1) 70 жастан асқан азаматтарға – тариф құнынан 55 %;

2 2) 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, Өскемен қаласының Құрметті азаматтарына – тегін жол жүру;

3

3) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, көру қабілеті бойынша екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, 80 жастан асқан азаматтарға – трамваймен тегін жол жүру.

2 2. Қаржыландыру көзі болып жергілікті бюджет анықталсын.

3 3. Осы бірлескен қаулы мен шешім 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жеңілдіктерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы