Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қаулы · № 546 · қабылданған 22.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-213622/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельный участок Қолданыста Қаулы ·№ 546 ·22.08.2025
22.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қолданыста Қаулы ·№ 546 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельный участок
Атауы (қаз.)
Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
546
Қабылданған күні
22.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
07.09.2025
Көрсетілген редакция
22.08.2025 213622_772463.kaz
Соңғы өзгеріс
22.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25NN00546A
ЭКБ идентификаторы
213622
Редакция идентификаторы
213622_772463
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:39

0 Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18 - бабына, 69 - бабының 4 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай ауданы әкімдігінің «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Новоселовка, Абай, Осиновка, Талапкер ауылдарында газ тарату желілерін салу үшін, Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы ауданы 55 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. Қостанай ауданы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін;

2 2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы