Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 27.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2025 213658_772888.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25NKE0015B
- ЭКБ идентификаторы
- 213658
- Редакция идентификаторы
- 213658_772888
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:34
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Занының 35-бабына сәйкес Қамысты ауданы Адаевка ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Алюминий Қазақстан» акционерлік қоғамына Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Адаевка ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы ауданы 5735,439176 гектар жер учаскесіне 2028 жылғы 07 сәуірге дейінгі мерзімге жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін мұндай жерлерді меншікке немесе жер пайдалануға алмай және жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, қауымдық сервитут белгілеу.
2 2. «Қамысты ауданы әкімдігінің Адаевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;