Об установлении Правил общего водопользования на водных объектах Западно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении Правил общего водопользования на водных объектах Западно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 20-3
- Қабылданған күні
- 26.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 09.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2025 213690_772380.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25Z000203M
- ЭКБ идентификаторы
- 213690
- Редакция идентификаторы
- 213690_772380
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:37
0 Батыс Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 11 шiлдедегi № 171-НҚ «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 14 шілдеде №36443 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Батыс Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Батыс Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидаларын белгілеу туралы» 2017 жылғы 26 маусымдағы № 11-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4867 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Батыс Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидалары
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 26 тамыздағы
№20-3 шешіміне қосымша
Батыс Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Батыс Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 11 шiлдедегi № 171-НҚ «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 14 шілдеде №36443 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың Батыс Қазақстан облысының аумағында ортақ пайдаланылатын су объектілерінде ортақ су пайдалануды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2
2. Ортақ су пайдалануды жеке тұлғалар рекреацияға, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес бос уақыттың өзге де нысандарына, сондай-ақ жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға деген жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады.