Құжат мәтініне өту

Об утверждении Квалификационных требований, предъявляемые к управляющему многоквартирным жилым домом

Бұйрық · № 312 · қабылданған 25.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-213712/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Квалификационных требований, предъявляемые к управляющему многоквартирным жилым домом Қолданыста Бұйрық ·№ 312 ·25.08.2025
25.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Квалификационных требований, предъявляемые к управляющему многоквартирным жилым домом

Қолданыста Бұйрық ·№ 312 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Квалификационных требований, предъявляемые к управляющему многоквартирным жилым домом
Атауы (қаз.)
Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
312
Қабылданған күні
25.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
03.11.2025
Көрсетілген редакция
25.08.2025 213712_776082.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036721
ЭКБ идентификаторы
213712
Редакция идентификаторы
213712_776082
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:38

0 Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-39) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2025 жылғы 25 тамыздағы
№ 312 Бұйрыққа
1-қосымша
Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптары

1 1. Осы біліктілік талаптары көппәтерлі тұрғын үйді басқарушысыға қойылады және мынадай талаптарды қамтиды:

1 1) құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, гуманитарлық ғылымдар, техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары бойынша кәсіптік орта, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

2

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Табиғи монополиялар туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық және тұрғын үй-коммуналдық қызметті регламенттейтін мемлекеттік органдардың актілері) білу;

3

3) басқару шешімдерін жедел қабылдау және іске асыру, жұмысты жоспарлау және бақылау, іскерлік келіссөздерін жүргізу, көпшілік алдында сөз сөйлеу, қолданылатын басқару шешімдерінің салдарын талдау және болжау, мемлекеттік органдармен және коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру, нормативтік құқықтық актілерді практикада қолдану, ұйымдастырушылық өкімдік құжаттарды әзірлеу, қызметтік құжаттармен жұмыс істеу, компьютерлік және басқа да ұйымдастырушылық техниканы меңгеру дағдыларының болуы, сондай-ақ «Тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды басқару» кәсіби стандартының талаптарына жауап беруі;

4 4) меншікке қарсы, экономика саласындағы немесе сыбайлас жемқорлық баптары бойынша қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болмауы;

5 5) «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіптік біліктілігін тану туралы құжаты болуы.

2 Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2025 жылғы « »
№ Бұйрыққа
2-қосымша

1

1. «Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 169 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлері мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 20315 болып тіркелген).

2

2. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 24 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актiлері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33983 болып тіркелген).

3

3. «Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 169 бұйрығына бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 11 маусымдағы № 218 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актiлері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34518 болып тіркелген).

Қолданыстағы