Об утверждении Правил обеспечения на безвозмездной основе операторами связи применения средств защиты информации на линиях и каналах связи, не входящих в единую транспортную среду государственных органов и осуществляющих передачу информации с использованием радиоэлектронных средств, при оказании услуг связи государственным органам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил обеспечения на безвозмездной основе операторами связи применения средств защиты информации на линиях и каналах связи, не входящих в единую транспортную среду государственных органов и осуществляющих передачу информации с использованием радиоэлектронных средств, при оказании услуг связи государственным органам
- Атауы (қаз.)
- Байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс жолдары мен арналарында ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 444/НҚ
- Қабылданған күні
- 28.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 14.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2025 213727_772768.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036729
- ЭКБ идентификаторы
- 213727
- Редакция идентификаторы
- 213727_772768
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:34
0
Байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс жолдары мен арналарында ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 5-1-тармағына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 100-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қоса берiлiп отырған Байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс жолдары мен арналарында ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
1 Байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс жолдары мен арналарында ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету қағидалары
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2025 жылғы 28 тамыздағы
№ 444/НҚ
бұйрығымен
бекітілген
Байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс жолдары мен арналарында ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс жолдары мен арналарында ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 5-1-тармағына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 100-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс жолдары мен арналарында ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1 1) ақпаратты қорғау құралы (бұдан әрі – АҚҚ) – ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етуге арналған және пайдаланылатын бағдарламалық қамтылым, техникалық және өзге де құралдар;
2
2) байланыс арнасы – жиіліктер белдеуінде немесе осы байланыс арнасына тән беру жылдамдығымен телекоммуникация құралдары арасында сигнал беруді қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен тарату ортасының кешені. Байланыс түріне қарай арналар – телефон, телеграф, деректер беру арналары, ал аумақтық белгілері бойынша – халықаралық, қалааралық, аймақтық және жергілікті арналар болып бөлінеді;
3 3) байланыс жолдары – тарату жолдары (кәбілдік, радиорелелік, спутниктік және басқалары), байланыстың физикалық тізбектері және жол-кәбілдік, оның ішінде магистральдық (халықаралық және қалааралық) құрылғылары;
4 4) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;
5 5) радиоэлектрондық құрал – көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан тұратын техникалық құрал;
6 6) телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) – электрмагниттік немесе оптикалық сигналдарды қалыптастыруға, таратуға, қабылдауға, сақтауға, өңдеуге, коммутациялауға немесе оларды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық құрылғылар, жабдық, жүйелер және бағдарламалық құралдар.
2 2-тарау. Байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс жолдары мен арналарында ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету тәртібі
3
3. Байланыс операторлары мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып, ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс жолдары мен арналарында мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде (бұдан әрі – байланыс жолдары мен арналары) осы байланыс жолдары мен арналарында өтеусіз негізде АҚҚ қолдануды қамтамасыз етеді.
4 4. Байланыс жолдары мен арналарында АҚҚ-ны қолдану мемлекеттік орган мен байланыс операторы арасындағы байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарт шеңберінде өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
5 5. Байланыс операторы байланыс қызметтерін көрсету басталғанға дейін байланыс жолдары мен арналары бойынша АҚҚ-ны қолданатыны туралы мемлекеттік органды хабардар етеді.
6
6. Байланыс операторы қорғау құралдарының іркіліссіз, байланыс сапасын төмендетпей немесе мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінің функционалдығын шектемей дұрыс жұмыс істеуі мақсатында байланыс жолдары мен арналарында қолданылатын АҚҚ-ның мемлекеттік органның байланыс жолдары мен арналарына қосылған техникалық құралдарымен үйлесімділігін қамтамасыз етеді.