Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-3/189
- Қабылданған күні
- 28.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2025 213831_773226.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25BR03189A
- ЭКБ идентификаторы
- 213831
- Редакция идентификаторы
- 213831_773226
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:32
0 Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 97-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген), Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасары А. А. Керімбаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
Шортанды ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «»
№ қаулысына
қосымша
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
№ п/п
Тұрғын үй мекенжайы
Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері, теңге (бір шаршы метр айына)
1
Шортанды ауданы Шортанды кенті Фэликс Дзержинский көшесі 52 үй 7 пәтер
(кондоминиум объектісінің құрамына кіреді)
164
2
Шортанды ауданы Шортанды кенті Фэликс Дзержинский көшесі 9 үй
(кондоминиум объектісінің құрамына кірмейді)
127
3
Шортанды ауданы Шортанды кенті
30 лет Победы көшесі 3 үй 16 пәтер
(кондоминиум объектісінің құрамына кіреді)
239
4
Шортанды ауданы Раевка ауылдық округі Раевка ауылы Набережная көшесі 3/2 үй (кондоминиум объектісінің құрамына кіреді)
80
А=178 799 (14 000 000 теңге/78,3 ш. м.) / 91 жыл (2016 жыл (салынған жылы) +100 жыл (ғимараттың есептік қызмет ету мерзімі) - 2025 (сатып алынған жылы)/12
Барлығы: 164 теңге
А=99 174 (18 000 000 теңге/181,5 ш. м.)/65 жыл (1990 жыл (салынған жылы) +100 жыл (ғимараттың есептік қызмет ету мерзімі) – 2025 (сатып алынған жылы)/12+0
Барлығы: 127 теңге
А=157 895 (4 500 000 теңге/28,5 ш. м.) / 55 жыл(1980 жыл (салынған жылы) +100 жыл (ғимараттың есептік қызмет ету мерзімі) – 2025 (сатып алынған жылы)/12
Барлығы: 239 теңге
А=53 030 (3 500 000 теңге/66,0 ш. м.) / 55 жыл(1980 жыл (салынған жылы) +100 жыл (ғимараттың есептік қызмет ету мерзімі) – 2025 (сатып алынған жылы) / 12
Барлығы: 80 теңге