Құжат мәтініне өту

Об установлении границ водоохранных зон и полос водных объектов Павлодарской области и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 237/1 · қабылданған 25.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-213851/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении границ водоохранных зон и полос водных объектов Павлодарской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 237/1 ·25.08.2025
25.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении границ водоохранных зон и полос водных объектов Павлодарской области и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 237/1 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении границ водоохранных зон и полос водных объектов Павлодарской области и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
237/1
Қабылданған күні
25.08.2025
Көрсетілген редакция
25.08.2025 213851_772993.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25P002371A
ЭКБ идентификаторы
213851
Редакция идентификаторы
213851_772993
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:38

0 Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 85-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын белгілеу қағидаларының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31934 болып тіркелген) бекітілген Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Павлодар облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Павлодар облысының жер үсті су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызмет режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3 3. «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Су ресурстары
және ирригация министрлігі Су ресурстарын
реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су
ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі
Ертіс бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитетінің Павлодар облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесі
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Экология және
табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық
реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы
бойынша экология департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесі
«КЕЛІСІЛДІ»
«Павлодар облысының жер
қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі

6 Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

Павлодар облысы әкімдігінің
2025 жылғы «25» тамыздағы
№ 237/1 қаулысына
1-қосымша
Павлодар облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
№ р/с
Су объектісінің атауы
Орналасқан жері
Су қорғау аймағының
ауданы,
гектар
Су қорғау белдеуінің ауданы,
гектар
Су қорғау аймағының ені,
метр
Су қорғау белдеуінің ені,
метр
Павлодар қаласы
1
Ертіс өзені
Павлодар қаласы – оң жағалау
554
5666
105-4270
35-3210
2
Ертіс өзені
Павлодар қаласы – сол жағалау
58
3032
4293-5785
4223-5715
3
Қара Бидайық көлі
Павлодар қаласы
396,0150
26,6590
500
35
4
көл №1
Павлодар қаласы
62,4225
6,5831
300
50
5
көл №3
Павлодар қаласы
69,5132
7,8698
300
50
6
көл №5
Павлодар қаласы
62,0042
6,5082
300
50
Павлодар қаласының ауылдық аймағы
7
Мойылды көлі
Мойылды ауылы
163,4
16,6
300
35
Екібастұз қаласының ауылдық аймағы
8
Шідерті өзені
Шідерті ауылы
16,9634
1,1789
500
35
9
Темірастау өзені
Төрт-Құдық ауылдық аймағы
554,3658
44,8152
254-500
35
Ақсу қаласының ауылдық аймағы
10
Ертіс өзені
Ақсу қаласының ауылдық аймағы
1242
59517
105-14290
35-13240
Ақтоғай ауданы
11
Ертіс өзені
Ақтоғай ауданы
8400
43997
115-11335
35-8200
Железин ауданы
12
Ертіс өзені
Железин ауданы
5700
8253
216-8232
36-7081
Ертіс ауданы
13
Ертіс өзені
Ертіс ауданы
11100
41842
59-8960
35-6265
14
Бірсуат өзені
Амангелді ауылдық аймағы – оң жағалау
14,2542
1,0231
500
35
15
Бірсуат өзені
Амангелді ауылдық аймағы – сол жағалау
13,8733
0,9952
500
35
Май ауданы
16
Ертіс өзені
Май ауданы
13500
73848
950-11926
880-10676
17
Кемертұз көлі
Май ауданы
103
21,8
500
100
18
Ащысу өзені
Май ауданы
162,7
16,3
500
55
Аққулы ауданы
19
Ертіс өзені
Аққулы ауданы
1000
44498
67-12332
35-11326
20
Тұз көлі
Аққулы ауданы
1259
195
500-1300
100
21
Қалатұз көлі
Аққулы ауданы
2570
40
500-3130
35
22
Кожа көлі
Аққулы ауданы
188
54
300-500
100
Тереңкөл ауданы
23
Ертіс өзені
Тереңкөл ауданы
9600
29323
45-11595
38-9210
Павлодар ауданы
24
Ертіс өзені
Павлодар ауданы
9046
55549
51-14002
35-10699
25
Маралды көлі
Павлодар ауданы
852,1
71,1
500
35
Баянауыл ауданы
26
Біржанкөл көлі
Құндыкөл ауылдық округі
81,5
7,5
500
35
27
Сабындыкөл көлі
Баянауыл ауылдық округі
495,6
37,7
500
35
28
Ақсор көлі
Баянауыл ауданы
212,4
23,88
300
35
29
Тұз көлі
Баянауыл ауданы
1797
160
500-2400
100
30
Ащысу өзені
Баянауыл ауданы
145
35
500
100
Шарбақты ауданы
31
Маралды көлі
Шарбақты ауданы
1006,4
80,3
500
35
32
Бура көлі
Шарбақты ауданы
351
17
500-570
35

7 Павлодар облысының жер үсті су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызмет режимі

Павлодар облысы
әкімдігінің 2025 жылғы
«25» тамыздағы
№ 237/1 қаулысына
2-қосымша
Павлодар облысының жер үсті су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызмет режимі

1 1. Жер үсті су объектілерінде рұқсат етілмейді:

1 1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;

2 2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;

3 3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;

4 4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;

5 5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;

6 6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;

7 7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.

2 2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге жол берілмейді, мыналарды қоспағанда:

1 1) құрылыс және пайдалану:

су шаруашылығы құрылыстары мен олардың коммуникацияларын;
көпірлерді, көпір құрылыстарын;
айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;
балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;
ғимараттар мен құрылыстарды күрделі құрылыссыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;
су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін бақылау пункттерін;

2 2) жағалауды нығайту, орман өсіру және көгалдандыру;

3 3) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 86-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында рұқсат етілген қызметтер.

3 3. Су қорғау аймақтары шегінде:

1 1) жер үсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болырмайтын құрылыстар және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

2 2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыру және салуға;

3 3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;

4 4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;

5 5) зираттарды орналастыруға;

6 6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнайы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;

7 7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жер үсті және жер асты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға рұқсат етілмейді.

4

4. Орналастырылуы Қазақстан Республикасы Су кодексінің 86-бабының ережелеріне қайшы келмейтін су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмайтын, сондай-ақ судың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін техникалық сумен жабдықтаудың тұйық (ағынсыз) жүйелерімен және (немесе) құрылыстар және құрылғылармен қамтамасыз етілуге тиіс.

5

5. Су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет тәртібі бассейндік су инспекцияларымен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген жобалар шеңберінде айқындалады.

6 6. Көлік немесе инженерлік коммуникацияларды су объектілерінің аумағы арқылы салу жобалары тасқын сулардың өтуін, су объектілерін пайдалану режимін, сулардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмауды, олардың зиянды әсерінің алдын алуын қамтамасыз ететін іс-шаралар жүргізуді көздеуі тиіс.

7 7. Елді мекендер шектерінде су қорғау жолақтарының шекаралары жағалау аймағы міндетті түрде су объектісінің ластануын болдырмай (қалқандар, опырылу, орман-бұталы жолақтар) орнатылған кезде жоспарлану мен құрылыс салынуына қарай белгіленеді.

8 8. Қолданыстағы үйге жақын саяжай және бау-бақша учаскелері олардың су қорғау режимін сақтаған жағдайда су қорғау жолағының шегінде орналастырылады.

9 9. Пайдалануында су қорғау аймағының шектерінде орналасқан жер алқабы бар жеке және заңды тұлғалар су қорғау аймақтарын тиісті жағдайда күтіп-ұстауды және қордағы жердің аумағы мен су қорғау жолақтарының аумақтарын қоспағанда, олардың аумағын шаруашылықта пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы