Об установлении размера инвестиций банка или банковского холдинга в уставном капитале организаций и совокупного размера инвестиций банка или банковского холдинга в уставном капитале организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размера инвестиций банка или банковского холдинга в уставном капитале организаций и совокупного размера инвестиций банка или банковского холдинга в уставном капитале организаций
- Атауы (қаз.)
- Банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталындағы инвестицияларының мөлшерін және банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталындағы инвестицияларының жиынтық мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 36
- Қабылданған күні
- 20.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 16.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2025 213870_780765.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G2500000036
- ЭКБ идентификаторы
- 213870
- Редакция идентификаторы
- 213870_780765
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:42
0 Банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталындағы инвестицияларының мөлшерін және банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталындағы инвестицияларының жиынтық мөлшерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 8-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1
1) Банктер туралы заңның 8-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші абзацтарында көрсетілген ұйымдардың акцияларына банк инвестицияларының немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің жиынтық мөлшері банктің меншікті капиталы мөлшерінің 15 (он бес) пайызынан аспайтыны;
2
2) Банктер туралы заңның 8-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі 2) тармақшасының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтарында көрсетілген ұйымдардың акцияларына банк холдингі инвестицияларының немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің жиынтық мөлшері банк холдингінің меншікті капиталы мөлшерінің 15 (он бес) пайызынан аспайтыны;
3
3) Банктер туралы заңның 8-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші абзацтарында көрсетілген ұйымдардың акцияларына банк инвестицияларының немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері банктің меншікті капиталы мөлшерінің 5 (бес) пайызынан аспайтыны;
4
4) Банктер туралы заңның 8-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі 2) тармақшасының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтарында көрсетілген ұйымдардың акцияларына банк холдингі инвестицияларының немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің мөлшері банк холдингінің меншікті капиталы мөлшерінің 5 (бес) пайызынан аспайтыны белгіленсін.
2 2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы қаулы қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;