Об определении видов общественных работ и перечня организаций, в которых должны выполняться общественные работы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов общественных работ и перечня организаций, в которых должны выполняться общественные работы
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3/602
- Қабылданған күні
- 28.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2025 213876_773064.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25R003602A
- ЭКБ идентификаторы
- 213876
- Редакция идентификаторы
- 213876_773064
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:33
0 Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 914-1-бабына Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.
2
2. «Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды және нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен ұйымдардың тізімі
Алматы қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «_» ________ №______
қаулысына қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен ұйымдардың тізімі
№
р/с
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Мерзім
Жұмыстардың мазмұны
Ұйымдардың атауы
1.
Автомобиль жолдарын күтіп-ұстау
Жыл бойы
Қоқысты тиеу және полигонға шығару, жол жиегін шабу және шабылған шөпті жинау, жүріс бөлігін тазалау және жуу, шұңқырларды жою, жарықтарды, ойықтар мен шөгу аймақтарын бітеу, қардан су ағатын арықтарды тазарту, көше жолдарының жүріс бөлігіне жол белгілерін сызу, тротуарларды лас пен қоқыстан тазарту
Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
(Алматы қаласы, Көкмайса шағын ауданы, 26Е)
2.
Қысқы жол күтімі
Қыс
Тайғаққа қарсы материалдарды дайындау, жолдарды қардан тазарту, қар құрсауларын аршу, жүріс бөлігіндегі қар жамылғысын тегістеу, қар үйінділерін жою, жүріс бөлігін тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу, автобус аялдамаларын қар мен мұздан үнемі тазарту
3.
Қала жолдары мен жолайрықтарын көгалдандыру
Көктем-жаз-күз
Өндірістік базалардағы, гүлзарлар мен жолайрықтардағы көгалдарды және жасыл желектерді күтіп-ұстау, сондай-ақ оларды отырғызу, қалпына келтіру және сәндік безендіру
4.
Қаланың аумақтарын санитарлық тазалау
Жыл бойы
Қоғамдық көлік аялдамаларын, тротуарларды және арықтарды санитарлық тазалау
5.
Бағдаршам нысандарын таза әрі ретте ұстау
Жыл бойы
Бағдаршам нысандарын таза әрі ретпен ұстау
Барлығы
5
4
5
1