Об утверждении натуральных норм обеспечения канцелярскими принадлежностями и другими расходными материалами работников системы Министерства финансов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении натуральных норм обеспечения канцелярскими принадлежностями и другими расходными материалами работников системы Министерства финансов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлерін кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 380
- Қабылданған күні
- 18.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 19.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 18.07.2025 213893_776076.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25E0000380
- ЭКБ идентификаторы
- 213893
- Редакция идентификаторы
- 213893_776076
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:12
0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлерін кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) Республикалық бюджет комиссиясының қызметкерлеріне жылына 1 (бір) қызметкерге 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
2 2) ведомстволық бюджет комиссиясының қызметін жүзеге асыратын қызметкерлеріне жылына 1 (бір) қызметкерге 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кеңсе жабдықтармен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
3 3) ақпаратты қорғау бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне жылына 1 (бір) қызметкерге 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
4 4) құжаттамалық қамтамасыз ету құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне жылына 1 (бір) қызметкерге 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
5 5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің ақпаратты қорғау жөніндегі қызметкерлеріне жылына 1 (бір) қызметкерге 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
6
6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлеріне жылына 1 (бір) қызметкерге 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлерін кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 1199 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 653 бұйрығының күші жойылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі сатып алу және Министрліктің активтері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;