Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах
- Атауы (қаз.)
- Су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 173
- Қабылданған күні
- 03.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 19.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 03.09.2025 213915_773134.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25L000173A
- ЭКБ идентификаторы
- 213915
- Редакция идентификаторы
- 213915_773134
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:29
0 Су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының Су Кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 125-бабының 4-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына және «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Қызылорда облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1 1) «Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8356-11 болып тіркелген);
2
2) «Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 тамыздағы № 141 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8548-11 болып тіркелген).
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Қызылорда облысы әкімдігінің
2025 жылғы «3» қыркүйектегі № 173
қаулысына қосымша
Су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындар
№
Су объектісінің
атауы
Көпшілік демалуына, туризмге және спортқа арналған орындар
Орналасқан елді мекеннің атауы
Орналасқан жері (координаттары)
1.
Жібек жолы каналы
«Сыр самалы» демалыс аймағы
Қызылорда қаласы
44°48'34.34"C 65°30'59.12"B
2.
Сырдария өзені
«Сыр толқыны» демалыс аймағы
Қызылорда қаласы
44°45'16.64"C 65°32'25.42"B
3.
Эдельвейс
саяжай ауылы
«Эдельвейс» демалыс аймағы
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
44°46'40.0" N
65°30'08.3" E
4.
Қамбаш көлі
«Аққұмшық» демалыс аймағы
Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округі
46°12'41.5"N 61°55'49.0"E
5.
Сырдария өзені
«Мұратбаев» демалыс аймағы
Қармақшы ауданы, Жосалы кенті
45°28'32.3"N 64°04'54.0"E
6.
Қаншиелі көлі
«Асар» демалыс аймағы
Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылдық округі
45°00'36.5"N 64°33'37.8"E
7.
Сырдария өзені
«Қалғандария» демалыс аймағы
Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті
45°01'34.5"N 64°59'05.0"E
8.
Ханқожа көлі
«Бәйгеқұм» демалыс аймағы
Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылдық округі
44°17'39.68"N 66°30'51.01"E
44°17'47.72"N 66°27'55.55"E
9.
Борықты көлі
«Борықты» демалыс аймағы
Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті
43°52'59.6154"N 67°14'18.6800"E; 43°52'58.4123"N 67°14'19.3443"E; 43°52'57.8116"N 67°14'17.2648"E; 43°52'59.0150"N 67°14'16.6004"E