Құжат мәтініне өту

Об утверждении типовой формы Плана развития субъектов аквакультуры

Бұйрық · № 283 · қабылданған 05.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-213977/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении типовой формы Плана развития субъектов аквакультуры Қолданыста Бұйрық ·№ 283 ·05.09.2025
05.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении типовой формы Плана развития субъектов аквакультуры

Қолданыста Бұйрық ·№ 283 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении типовой формы Плана развития субъектов аквакультуры
Атауы (қаз.)
Аквашаруашылық субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
283
Қабылданған күні
05.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
21.09.2025
Көрсетілген редакция
05.09.2025 213977_781698.kaz
Соңғы өзгеріс
05.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036810
ЭКБ идентификаторы
213977
Редакция идентификаторы
213977_781698
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:27

0 Аквашаруашылық субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы

«Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Аквашаруашылық субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Аквашаруашылық субьектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысаны ______________________________________________________________ (аквашаруашылық субьектісінің атауы) 20 ___ - 20 ___ жылдарға арналған

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 283 бұйрығымен бекітілген
Аквашаруашылық субьектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысаны
______________________________________________________________
(аквашаруашылық субьектісінің атауы)
20 ___ - 20 ___ жылдарға арналған

Іс-шаралар атауы
Оның ішінде жылдар бойынша
Жиыны
Аяқталу нысаны
20_
20_
20_
Көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде
1
Балық шаруашылығы су айдынының ихтиофаунасын толық немесе ішінара ауыстыруды жүзеге асыру
Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеме негізінде
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсат
2
Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемеде көрсетілген көлемнен төмен емес мөлшерде түрлік және жастық құрамын көрсете отырып аквашаруашылық объектілерінің құртшабақтарын жіберу (мың дана)
Аквашаруашылық объектілері құртшабақтарының сатып алынғанын және су айдынына жіберілгенін растайтын құжаттар:
инкубациялық цех болғанда – балық ресурстарын жасанды жолмен молайту жөніндегі өндіріс объектісіне растайтын құжаттардың көшірмесі (меншік иесі (құқық иеленуші) туралы мәліметтер және инкубациялық цехтың, балық өсіру тоғандарының және (немесе) бассейндердің болуын растау үшін жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы мәліметтер);
аквашаруашылық объектілерінің құртшабақтарын сатып алған кезде – сатып алу-сату шарттары, шот-фактуралар.
Балық жіберу жүргізілгені туралы ақпарат, сондай-ақ аквашаруашылық объектілері құртшабақтарының тиелгенін және балық шаруашылығы су айдындарына жіберілгенін растайтын ағымдағы күні мен уақыты көрсетілген фото- және видео түсірілім.
3
Жыл сайын аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемеде көрсетілген көлемнен төмен емес көлемде балық өсіру (тонна)
Аквашаруашылық объектілері құртшабақтарының сатып алынғанын және су айдынына жіберілгенін растайтын құжаттар:
инкубациялық цех болғанда – балық ресурстарын жасанды жолмен молайту жөніндегі өндіріс объектісіне растайтын құжаттардың көшірмесі (меншік иесі (құқық иеленуші) туралы мәліметтер және инкубациялық цехтың, балық өсіру тоғандарының және (немесе) бассейндердің болуын растау үшін жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы мәліметтер);
аквашаруашылық объектілерінің құртшабақтарын сатып алған кезде – сатып алу-сату шарттары, шот-фактуралар.
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік статистика туралы заң) 16-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынылатын өсірілген балық туралы мәліметтер.
4
Бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынында балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу
Аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеме негізінде
Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясының келісімі.
Балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу туралы растаушы құжаттар, фото- және видео түсірілім.
Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде
1
Жыл сайын аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемеде көрсетілген көлемнен төмен емес көлемде балық өсіру (тонна)
Аквашаруашылық объектілері құртшабақтарының сатып алынғанын және су айдынына жіберілгенін растайтын құжаттар:
инкубациялық цех болғанда – балық ресурстарын жасанды жолмен молайту жөніндегі өндіріс объектісіне растайтын құжаттардың көшірмесі (меншік иесі (құқық иеленуші) туралы мәліметтер және инкубациялық цехтың, балық өсіру тоғандарының және (немесе) бассейндердің болуын растау үшін жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы мәліметтер);
аквашаруашылық объектілерінің құртшабақтарын сатып алған кезде – сатып алу-сату шарттары, шот-фактуралар.
Мемлекеттік статистика туралы заңының 16-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынылатын өсірілген балық туралы мәліметтер.
2
Қызметті жүзеге асыру үшін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді сатып алу (мың теңге):
Құрылғыларды, техникаларды және басқа да компоненттердің сатып алынғанын растайтын құжаттар (сатып алу-сату шарттары, шот-фактуралар).
2.1.
конструкцияланған балық өсіру тор қоршамалары
2.2.
жем үйлестіргіш
2.3.
Тор қоршамаларға қызмет ететін жүзетін құрал
2.4.
басқалары (жазып көрсетіңіз)
Халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде
1
Жыл сайын аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемеде көрсетілген көлемнен төмен емес көлемде балық өсіру (тонна)
Аквашаруашылық объектілері құртшабақтарының сатып алынғанын және су айдынына жіберілгенін растайтын құжаттар:
инкубациялық цех болғанда – балық ресурстарын жасанды жолмен молайту жөніндегі өндіріс объектісіне растайтын құжаттардың көшірмесі (меншік иесі (құқық иеленуші) туралы мәліметтер және инкубациялық цехтың, балық өсіру тоғандарының және (немесе) бассейндердің болуын растау үшін жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы мәліметтер);
аквашаруашылық объектілерінің құртшабақтарын сатып алған кезде – сатып алу-сату шарттары, шот-фактуралар.
Мемлекеттік статистика туралы заңының 16-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынылатын өсірілген балық туралы мәліметтер.
2
Қайта өңдеу қуаттарын іске қосуды қоса алғанда, жаңа өндірістік объектілерді салу немесе өндірістік және қайта өңдеу қуаттарын реконструкциялау мен жаңғыртуды қоса алғанда, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту (мың теңге)
Құрылыс саласындағы, сумен жабдықтау және су бұру жүйелері саласындағы, ветеринария саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы рұқсат құжаттары.
Құрылғыларды, техникаларды және басқа да компоненттердің сатып алынғанын растайтын құжаттар – сатып алу-сату шарттары, шот-фактуралар.
3
Қызметті жүзеге асыру үшін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді сатып алу (мың теңге):
Құрылғыларды, техникаларды және басқада компоненттерді сатып алғанын растайтын құжаттар – сатып алу-сату шарттары, шот-фактуралар.
3.1.
конструкцияланған балық өсіру тор қоршамалары
3.2.
жем үйлестіргіш
3.3.
Тор қоршамаларға қызмет ететін жүзетін құрал
3.4.
басқалары (жазып көрсетіңіз)
«Келісілді»
Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі
________________________________
(атауы)
________________________________
(почталық мекенжайы)
_________________________________
(банк деректемелері)
_________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
________________________________
(қолы, мөрі (бар болса))
«Бекітілді»
Аквашаруашылық субъектісі
_______________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы)
_______________________________
(почталық мекенжайы)
_______________________________
(банк деректемелері)
_______________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
________________________________
(қолы, мөрі (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатындарды қоспағанда))

Қолданыстағы