Құжат мәтініне өту

О создании областной комиссии по определению перспективных районов для создания сельских кредитных товариществ

Қаулы · № 172 · қабылданған 12.08.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-21398/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О создании областной комиссии по определению перспективных районов для создания сельских кредитных товариществ Күшін жойған Қаулы ·№ 172 ·12.08.2004
27.03.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании областной комиссии по определению перспективных районов для создания сельских кредитных товариществ

Күшін жойған Қаулы ·№ 172 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании областной комиссии по определению перспективных районов для создания сельских кредитных товариществ
Атауы (қаз.)
Болашақта ауылдық несие серіктестіктерін құруға жағдайлары бар аудандарды анықтау жөніндегі облыстық комиссияны құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
172
Қабылданған күні
12.08.2004
Көрсетілген редакция
27.03.2009 21398_207561.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04T0002138
ЭКБ идентификаторы
21398
Редакция идентификаторы
21398_207561
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:47

0 Болашақта ауылдық несие серіктестіктерін құруға жағдайлары бар

аудандарды анықтау жөніндегі облыстық комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 137 "Аграрлық секторға несие беру мәселелері туралы"
қаулысын
орындау
мақсатымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі № 229 "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамының ауылдық несие серіктестіктерінің қызметіне қатысу ережелерін бекіту туралы" бұйрығыныың негізінде,
облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:

1 1. Болашақта ауылдық несие серіктестіктерін құруға жағдайлары бар аудандарды анықтау жөніндегі облыстық комиссия құрылсын.

2 2. Болашақта ауылдық несие серіктестіктерін құруға жағдайлары бар аудандарды анықтау жөніндегі Ереже бекітілсін (1 қосымша).

3 3. Комиссияның жеке құрамы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын (2 қосымша).

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Ищановқа жүктелсін.

5 Облыс әкімиятының

2004 жылғы 13 тамыздағы
№ 172 қаулысына 1 қосымша
Болашақта ауылдық несие серіктестіктерін құруға жағдайлары бар аудандарды анықтау туралы Ереже

1 1. Жалпы ережеле р

1 1. Осы Ереже болашақ ауылдық несие серіктестіктерін құруға жағдайлары бар аудандарды анықтау жөніндегі облыстық комиссияның қызметін анықтайды.

2 2. Бұл ереже ауыл шаруашылығы өнімдерін аумақта өңдеу немесе өндірісті нәтижелі жүргізуге ауылдық несие серіктестіктерін (одан әрі - Серіктестік) құру мақсатында жасақталды.

2 2. Комиссияның қызметі

3 3. Облыс әкімиятының қаулысы негізінде болашақта Серіктестіктер құруға жағдайлары бар аудандарды анықтау жөніндегі облыстық комиссиясы (одан әрі - Комиссия) құрылады, оларға аудан әкімиятынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің немесе ауыл

шаруашылығы өнімдерін өңдеу мекемелерінің ұсыныстары негізінде қалыптасқан Серіктестіктердің қатысушылары туралы тапсырыстар түседі.

4 4. Комиссия жоспарланған серіктестіктердің саны шеңберінде аудандық әкімияттардың ұсыныстарын қарайды, ауыл аймақтарын экономикалық әлеуеті бойынша есепке алып, мүмкіндігі бар қатысушылардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001

жылғы 25 қаңтардағы N 137 "Аграрлық секторды несиелеу мәселелері туралы" қаулысымен мақұлданған мемлекеттік қаржы ресурстарының қатысуымен ауыл шарушылығы өнімдерін несиелеу Пилоттық жобасының
талаптарына сәйкестілігін тексереді.

5 5. Қарау қорытындысы бойынша Комиссия "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы мекен-жайына комиссияның төрағасымен қол қойылған таңдалған ауданда Серіктестікті құру жөнінде арызды жолдайды. Сонымен қатар, Серіктестіктердің

потенциалдық қатысушылары жөнінде хабарламалар келесі мәліметтерді мазмұндауы қажет:

1 1) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің немесе ауыл шарашылығы өнімдерін өңдеу мекемелерінің аталуы және ұйымдастыру-құқықтық нысаны;

2 2) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мекемелері орналасқан ауылдық елді мекендердің аталуы;

3 3) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мекемелері қызметтерінің түрлері;

4 4) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мекемелері қызметінің мерзімі (жыл);

5 5) егін алаңының болуы (га);

6 6) иеліктегі жер алқабының орташа бал-бонитеті;

7 7) соңғы үш жылдағы орташа өнімділігі (ц/га);

8 8) түрі бойынша мал басы (бас);

9 9) соңғы үш жылдағы малдың орташа өсімі (бас);

10 10) несиелік, соның ішінде мерзімі өткен және бюджетке міндетті төлемдердің берешегі (мың теңге);

11 11) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мекемелерінің негізгі қорларының болуы (мың теңге)

12 12) соңғы үш жылдағы қаржы қорытындысы (орташа) (мың теңге);

13 13) жарғылық капиталдың мөлшері (мың теңге).

26 Облыс әкімиятының

2004 жылғы 13 тамыздағы
№ 172 қаулысына 2 қосымша
Болашақта ауылдық несие серіктестіктерін құруға жағдайлары бар аудандарды анықтау жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы
- Атырау облысы әкімінің
орынбасары, комиссияның төрағасы;
Арыстанов Қадыржан Бақтығалиұлы
- Атырау облысы ауыл шаруашылығы
басқармасының бастығы, комиссия
төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Аманғалиева Ақсүйрік Матжанқызы
- экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас
басқармасының шағын кәсіпкерлікті қолдау
және инфрақұрылымын қалыптастыру
бөлімінің бастығы;
Қанатов Шора Қанатұлы
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
Атырау филиалыны экономикалық талдау
және статистика бөлімінің жетекші
маманы (келісім бойынша);
Сеилова Мүлкат Сәлімгерейқызы
- облыс әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық және
әскери-жұмылдыру жұмысы бөлімінің
бас маманы.

Қолданыстағы