Об утверждении Перечня услуг, связанных с государственным образовательным заказом
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня услуг, связанных с государственным образовательным заказом
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 100
- Қабылданған күні
- 11.03.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 10.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2025 213989_787177.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25HN000100
- ЭКБ идентификаторы
- 213989
- Редакция идентификаторы
- 213989_787177
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:40
0 Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 62-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 2-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтер тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтер тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2025 жылғы «___»_______
№ ____ бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтер тізбесі
1
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау.