Об утверждении Положения о порядке приобретения, учета и выдачи путевок на санаторно-курортное лечение и организованный отдых детей за счет средств Фонда государственного социального страхования Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о порядке приобретения, учета и выдачи путевок на санаторно-курортное лечение и организованный отдых детей за счет средств Фонда государственного социального страхования Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен санаторий-курорттық емдеуге және балалардың ұйымдастырылған демалысына жолдамалар сатып алу, оларды есепке алу және беру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1624
- Қабылданған күні
- 26.12.1996
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2000 AI2140_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P960001624_
- ЭКБ идентификаторы
- 2140
- Редакция идентификаторы
- AI2140_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:14
0 Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен санаторий-курорттық емдеуге және балалардың ұйымдастырылған демалысына жолдамалар сатып алу, оларды есепке алу және беру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.02.2000 № 323 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әлеуметтiк
сақтандыру қорының қаражаты есебiнен санаторий-курорттық емдеуге және
балалардың ұйымдастырылған демалысына жолдамалар сатып алу, оларды
есепке алу және беру тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн.
1 Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен санаторий-курорттық емдеуге және балалардың ұйымдастырылған демалысына жолдамалар сатып алу, оларды есепке алу және беру тәртiбi туралы ереженi беру тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1624 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру
қорының қаражаты есебiнен санаторий-курорттық емдеуге
және балалардың ұйымдастырылған демалысына жолдамалар
сатып алу, оларды есепке алу және беру тәртiбi туралы
ереженi беру тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Сырқаттанудан кейiн сауығуға мұқтаж болған сақтандырылған азаматтар Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен санаторий-курорттық емдеуге жiберiледi, сондай-ақ ауқатсыз, толымсыз және көп балалы отбасыларының балаларын сауықтыру, олардың ұйымдастырылған демалысы жүзеге асырылады.
II. Жолдамаларды сатып алу және бөлу тәртiбi
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi және облыстардың, республикалық бағыныстағы қалалардың және астананың еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдары санаторий-курорттық емдеуге және балаларды сауықтыруға жолдамаларды Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының бюджетiнде көзделген сома шегiнде сатып алады.
3. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдары сатып алған жолдамалар ұйымдарға және сақтандыру жарналарын басқа да төлеушiлерге оларда жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң санына сайма-сай түрде бөлiнедi.
III. Жолдамаларды беру тәртiбi
4. Санаторий-курорттық емдеуге жолдамалар азаматтарға олардың жұмыс орны бойынша берiледi. Балалардың жазғы сауықтыру мекемелерiне жолдамалар ата-аналардың бiрiнiң жұмыс орны бойынша берiледi.
5. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры қаражатының есебiнен сатып алынатын жолдамалар олардың құнының 50 процентiн өндiрiп алу жолымен көп дегенде жылына 1 рет берiледi.
6. Ұйымдарда белгiленген тәртiппен құрылатын әлеуметтiк сақтандыру жөнiндегi комиссиялар немесе оларға уәкiлеттi адамдар балаларды санаторий-курорттық емдеуге және сауықтыруға жолдамаларды тек осы емделуге қажеттiлiк туралы медициналық қорытындының негiзiнде ғана және берiлген арыздарға сәйкес олардың кезектiлiгi тәртiбiмен бередi.
Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысушы азаматтарға, сондай-ақ әлеуметтiк сақтандыру комиссиялары жоқ ұйымдарға санаторий-курорттық емделуге жолдамаларды олардың тiркелген жерiндегi еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдары бередi.
7. Алушылар жолдаманың iшiнара құнының сомасын оларды берген жердегi ұйымның кассасына тiкелей төлейдi.
8. Берiлетiн жолдамада деректемелер: жолдаманы алушы адамның әулетесiмi, әкесiнiң есiмi, оның жұмыс орны, қызметi көрсетiлуге тиiс.
9. Жолдамаға әлеуметтiк сақтандыру жөнiндегi комиссияның төрағасы (уәкiлеттi адам) қол қойып, мөр басылады.
10. Санаторий-курорттық емдеу мен демалысқа жолдамалар олардың қолданылатын мерзiмi басталардан 20 күннен кешiктiрiлмей берiледi.
iv IY. Жолдамалардың есепке алынуы және олардың берiлгенi туралы есептiлiк
11. Жолдамалар ақшалай қаражатпен бiрдей есепке алынуға және сақталуға тиiс.
Жолдамалар бойынша кiрiс және шығыс құжаттары, шарттар, үстеме төлемдер, шоттар, олар үшiн ақша төленгенi туралы квитанциялар, есеп кiтаптары ұйымдар мен еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдарында ақшалай кiрiс-шығыс құжаттарын сақтау үшiн белгiленген тәртiппен сақталады.
12. Ұйымдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-нан кешiктiрмей қалалық (аудандық) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
бөлiмдерiне жолдамалардың пайдаланылғаны туралы белгiленген нысанда есептер табыс етедi.