Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қаулы · № 1316 · қабылданған 05.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-214010/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста Қаулы ·№ 1316 ·05.09.2025
05.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қолданыста Қаулы ·№ 1316 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1316
Қабылданған күні
05.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
23.09.2025
Көрсетілген редакция
05.09.2025 214010_774231.kaz
Соңғы өзгеріс
05.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25NA01316A
ЭКБ идентификаторы
214010
Редакция идентификаторы
214010_774231
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:26

0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына елді мекендердің жері санатынан мына мекенжай бойынша жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
Қостанай қаласы, Дружба тұрғын үй алабы, жалпы алаңы 0,7450 гектар, инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;
Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, жалпы алаңы 2,1052 гектар, инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Қолданыстағы