Құжат мәтініне өту

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории района Мақаншы

Өзге акт · № 2 · қабылданған 10.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-214101/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории района Мақаншы Қолданыста Өзге акт ·№ 2 ·10.09.2025
10.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории района Мақаншы

Қолданыста Өзге акт ·№ 2 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории района Мақаншы
Атауы (қаз.)
Мақаншы ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2
Қабылданған күні
10.09.2025
Көрсетілген редакция
10.09.2025 214101_773806.kaz
Соңғы өзгеріс
10.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25FK00002B
ЭКБ идентификаторы
214101
Редакция идентификаторы
214101_773806
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:23

0 Мақаншы ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи

сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
«Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, 50-бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушынын 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 240 бұйрығын 2 тармағың 3 тармақшасына, Мақаншы аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кезектен тыс комиссия отырысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі № 5 хатамасына сәйкес ШЕШТІМ:

1

1. Абай облысы Мақаншы ауданы Қабанбай ауылдық округі, Алакөл көлінің демалыс аймағында демалыс үйлерінің ғиматтары орналасқан жағалауды шаю, шаруашылық жүргiзу объектiлерiне материалдық залал келу қауіпі туындауы мүмкін, осы негіздерге сүйене отырып жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2 2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Абай облысы Мақаншы ауданы әкімінің орынбасары Алия Нұрышқызы Сарбаева тағайындалсын.

3 3. Абай облысы «Мақаншы ауданы әкімінің аппараты» мемлекттік мекемесінің аппарат басшысы Нұрсұлтан Советбекұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімнен туындайтын іс-шаралар жүргізсін:

1

1) Осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау Абай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заннама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның республикалық филиалына жолдау;

2 2) Осы шешімді Мақаншы ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында ресми жариялау.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы