Құжат мәтініне өту

Об утверждении расходов местных исполнительных органов на возмещение организациям по водоснабжению и (или) водоотведению затрат при использовании питьевой воды на пожаротушение в Алматинской области

Өзге акт · № 40-221 · қабылданған 27.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-214115/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении расходов местных исполнительных органов на возмещение организациям по водоснабжению и (или) водоотведению затрат при использовании питьевой воды на пожаротушение в Алматинской области Қолданыста Өзге акт ·№ 40-221 ·27.08.2025
27.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении расходов местных исполнительных органов на возмещение организациям по водоснабжению и (или) водоотведению затрат при использовании питьевой воды на пожаротушение в Алматинской области

Қолданыста Өзге акт ·№ 40-221 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении расходов местных исполнительных органов на возмещение организациям по водоснабжению и (или) водоотведению затрат при использовании питьевой воды на пожаротушение в Алматинской области
Атауы (қаз.)
Алматы облысында ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстарын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
40-221
Қабылданған күні
27.08.2025
Көрсетілген редакция
27.08.2025 214115_774050.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25D040221M
ЭКБ идентификаторы
214115
Редакция идентификаторы
214115_774050
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:34

0 Алматы облысында ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Алматы облысында ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары осы шешімінің қосымшасына сәйкес бекітілсің.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Алматы облысында ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстарын өтеу

Алматы облыстық
мәслихатының 2025 жылғы
27 тамыздағы № 40-221
шешімнің қосымшасы
Алматы облысында ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын жергілікті атқарушы
органдардың шығыстарын өтеу

1 1. Алматы облысында өрт сөндіру кезінде ауыз суды пайдаланғаны үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымдарының шығындарын өтеу тәртібі

2 2. Өртті сөндіру барысында мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері пайдаланған ауыз су үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымдарының шығындарын өтейтін төлеуші – Алматы облысының облыстық бюджеті болып белгіленсін.

Өтемақы келесі жағдайларда пайдаланылған ауыз суға байланысты шығындарды қамтиды:
өрт сөндіруге арналған гидранттармен жабдықталған сыртқы су құбыры желілері арқылы;
сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымдарының балансындағы жасанды су көздері (резервуарлар) арқылы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы №405 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің (бұдан әрі – Регламент) 52-тармағына сәйкес.

3 3. Шығындар өтемақысы міндетті түрде жүзеге асырылады және:

пайдаланылған ауыз су көлеміне;
өрт сөндіру жүргізілген аумақ бойынша белгіленген сумен жабдықтау тарифіне сәйкес есептеледі.

4 4. Пайдаланылған ауыз су көлемі Алматы облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органынан уәкілетті сумен жабдықтау органына ұсынылатын хабарлама негізінде айқындалады. Хабарламада төмендегі мәліметтердің бірі, бірнешеуі немесе барлығы көрсетілуі мүмкін:

бір мезгілде орын алған өрттер саны (Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес);
резервуарлардан сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау қолданылғаны туралы ақпарат;
тұрғын және қоғамдық ғимараттар бойынша — Регламенттің 4-қосымшасына сәйкес (өрт қауіпсіздігі класы, қабат саны, көлем және т.б.);
өндірістік және қоймалық бір-екі қабатты ғимараттар бойынша — 5-қосымшаға сәйкес (өртке төзімділік дәрежесі, жарылыс-өрт қауіптілік санаты, өрт аумағының ені, ғимарат көлемі және т.б.);
пайдаланылған гидранттар мен (немесе) резервуарлар саны;
есептеулер үшін қажетті өзге де мәліметтер.

5 5. Топтық су құбыры арқылы өртке қарсы су көлемін қалпына келтіруге жұмсалатын су шығыны Регламентте белгіленген нормаларға сәйкес айқындалады.

6 6. Уәкілетті сумен жабдықтау органы хабарламалар негізінде өтемақы сомасын есептейді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджет өтінімін қалыптастырады.

Қолданыстағы