Об утверждении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки села Балкашино и сельских населенных пунктов Сандыктауского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки села Балкашино и сельских населенных пунктов Сандыктауского района
- Атауы (қаз.)
- Сандықтау ауданының Балкашино ауылы мен ауылдық елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23/11
- Қабылданған күні
- 11.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2025 214175_774047.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25BP02311M
- ЭКБ идентификаторы
- 214175
- Редакция идентификаторы
- 214175_774047
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:22
0 Сандықтау ауданының Балкашино ауылы мен ауылдық елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жер гілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Сандықтауауданының Балкашино ауылы мен ауылдық елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін, осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Балкашино ауылындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
шешіміне 1-қосымша
Балкашино ауылындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
аймақ №
Түзету коэффициенттері
Бағалау аймақтарының шекаралары
1
2
3
I -Ж
1,9
Балкашино ауылының орталық бөлігін алып жатыр. Аймақ шекарасы солтүстік жағынан Люксембург Розасы тұйық көшесі бойымен, Жамбыл көшесі бойынша № 25 - № 37 үйдің тақ жағы, Луговой тұйық көшесі бойынша, шығысынан Рақымжан Қошқарбаев көшесі бойынша № 11 - № 67 үйдің тақ жағы өтеді. Оңтүстік жағынан Школьный тұйық көшесі бойымен Ағайынды Айсиндер көшесі бойымен №60 - №80 үйдің жұп жағы Чернова көшесіне өтеді.Батыстан Көкшетау – Атбасар автожолы бойынша.
II -Ж
1,9
Ауыл орталығының оңтүстігінде орналасқан. Солтүстіктен Гоголь тұйық көшесі бойымен Ағайындыайсиндер көшесі бойынша № 97 –ден № 115а/3-ге дейінгі үйлер, Школьный тұйық көшесі бойымен өтеді. Аймақтың шығыс шекарасы Абай көшесі бойынша № 77а - № 67 үйдің тақ жағы, Абылай хан атындағы көшесі бойынша № 86 (бақша)– № 54 (бақша) үйдің жұп жағы өтеді. Оңтүстік шекара Толстой жолымен өтеді. Батыс-орман алқабымен шектеседі.
III -Ж
1,9
Ауылдың солтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен өндірістік аймақпен шектеседі. Восточная сондай - ақ туынды аймақпен Жабай өзенінің арнасымен Рақымжан Қошқарбаев көшесіне өтеді. Луговой тұйық көшесі, Люксембург Розасы тұйық көшесі бойымен оңтүстік шекара. Батыс -Раиса Боронина көшесі бойынша № 144 - № 227/1 үйдің жұп жағы, Абылай хан атындағы көше бойынша жұп жағы № 188- № 218/2 үйдің жұп жағы, Көкшетау - Атбасар автожолындағы жол бойымен.
IV-Ж
1.7
Ауылдың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен шекара Толстой жолымен өтеді. Абылай хан атындағы көшесінің шығыс шекарасы № 52- № 16 үйдің жұп жағы (бақшалар), тұйық көшемен, Жабай өзенінің жағасымен. Оңтүстік бөлігі IV өндірістік аймақпен, батыс бөлігі орман алқабымен шектеседі.
V-Ж
1.7
Ауылдың шығыс бөлігінде орналасқан. Шекара Ақан сері көшесі бойымен № 1 - № 9/3 үйдің тақ жағы бойымен өтеді. Шығыс жағынан V –өндірістік аймақ және орман алқабы. Оңтүстіктен орман. Батыстан Жабай өзеніне дейін.
VI -Ж
1,3
Ауылдың су басқан бөлігінде орналасқан. Солтүстіктен шекара Речныйдың жолымен өтеді. Рақымжан Қошқарбаев көшесінің шығыс жағы № 106 - № 126 үйлердің жұп жағы, рекиЖабай жағасында. Амангелді тұйық көшесінің оңтүстік шекарасы. Абай көшесінің батыс шекарасы № 2 А үй, № 3 - № 63 үйдің тақ жағы (бақшалар), № 14А - № 28 үйдің жұп жағы, Школьный тұйық көшесі, Рақымжан Қошқарбаев көшесі, № 2 - № 126 үйдің жұп жағы
VII -Ж
1,6
Ауылдыңбатысбөлігіндеорналасқан. Аймақсолтүстіктен I Iөндірістікаймағымен, ШығысжәнеОңтүстікорманалқабыменшектеседі. Батыс шекара I IIөндірістікаймағымен өтеді.
VIII -Ж
1,3
Ауылдың батыс бөлігінде орналасқан. Аймақ Солтүстік пен шығыстан III өндірістік аймақпен, батыс шекарасы I өндірістік аймақпен және I тұрғын аймақпен шектеседі.
I -П
1,6
Балкашино ауылының орталық бөлігінде орналасқан. Солтүстік және шығыс жағынан III тұрғын аймақпен, оңтүстігінен I тұрғын аймақпен, батысынан VIII тұрғын перспективалы аймақпен шектеседі.
II -П
1,5
Балкашино ауылының орталық бөлігінде орналасқан. Солтүстік және шығыс жағынан I тұрғын аймақпен, оңтүстігінен II тұрғын аймақпен, VII тұрғын аймақпен және орман алқабымен, батысынан III өндірістік аймақпен шектеседі.
III -П
1,1
Балкашино ауылының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік және батыс жағынан ауыл шекарасымен, шығыс жағынан - III тұрғын аймақпен, VIII тұрғын перспективалы, II өндірістік, VII тұрғын үй, II тұрғын үй, IV Тұрғын үй, IV өндірістік аймақпен шектеседі.
IV-П
1,3
Балкашино ауылының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағынан – IV тұрғын аймақпен, Шығыс және оңтүстік жағынан-ауыл шекарасымен, батысынан-орман алқабымен шектеседі.
V-П
1,3
Балкашино ауылының шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік, шығыс және оңтүстік жағынан ауыл шекарасымен, батыс жағынан V тұрғын үй шекарасымен шектеседі.
2 Сандықтау ауданының ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Сандықтау аудандық
мәслихатының
2025 жылғы____________
№ ______ шешіміне
2-қосымша
Сандықтау ауданының ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймақ №
Түзету коэффициенттері
Кадастрлық кварталдардың нөмірлері, аймаққа кіретін ауылдық елді мекендердің атауы (ауылдық округтер бойынша)
1
2
3
І
2,0
01-004-002 Сандықтау ауылы (Сандықтау ауылдық округі);
1,9
01-019-001, 004-006 Шаңтөбе кенті;
1,9
01-004-015 Максимовка ауылы (Максимов ауылдық округі);
1,9
01-004-009 Лесное ауылы (Лесной ауылдық округі);
1,8
01-004-034 Новоникольское ауылы (Ақсоран ауылдық округі);
1,9 - аймағы бойынша орташа маңыздылығы
ІІ
1,5
01-004-043 Приозерное ауылы (Жамбыл ауылдық округі);
1,5
01-004-019 Каменка ауылы (Каменскі ауылдық округі);
1,4
01-004-003 Хуторок (Балкашин ауылдық округі);
1,4
01-004-017 Красная поляна ауылы (Бірлік ауылдық округі);
1,3
01-004-037 Петровка ауылы (Балкашин ауылдық округі);
1,3
01-004-023 Васильевка ауылы (Васильев ауылдық округі);
1,3
01-004-014 Байдалы ауылы (Веселов ауылдық округі);
1,3
01-004-001 Маралды ауылы (Ақсоран ауылдық округі);
1,3
01-004-036 Құмдыкөлауылы (Ақсоранауылдықокругі);
1,3
01-004-051 Владимировка ауылы (Максимов ауылдық округі);
1,3
01-004-040 Михайловка ауылы (Лесной ауылдық округі);
1,36 - аймағы бойынша орташа маңыздылығы
III
1,2
01-004-022 Белгородское ауылы (Белгород ауылдық округі);
1,2
01-004-057 Богородка ауылы (Широков ауылдық округі);
1,2
01-004-014 Жыланды ауылы (Веселов ауылдық округі);
1,2
01-004-056 Богословка ауылы (Каменскі ауылдық округі);
1,2
01-004-041 Граниковка ауылы (Лесной ауылдық округі);
1,2
01-004-039 Речное ауылы (Лесной ауылдық округі);
1,2
01-004-063 Мәдениет ауылы;
1,2
01-004-001 Смольное ауылы (Ақсоран ауылдық округі);
1,1
01-004-020 Дорогинка ауылы (Широков ауылдық округі);
1,1
01-004-052 Спасское ауылы (Максимов ауылдық округі);
1,1
01-004-053 Новый городок ауылы (Максимов ауылдық округі);
1,1
01-004-042 Быстрымовка ауылы (Лесной ауылдық округі);
1,0
01-004-010 Новокронштадка ауылы;
1,0
01-004-038 Новоромановка ауылы (Сандықтау ауылдық округі);
1,0
01-004-025 Ұлан ауылы (Васильев ауылдық округі);
1,13- аймағы бойынша орташа маңыздылығы
ІV
0,9
01-004-045 Қызыл Қазақстан ауылы (Жамбыл ауылдық округі);
0,9
01-004-049 Новоселовка ауылы (Веселов ауылдық округі);
0,9
01-004-062 Тучное ауылы (Васильев ауылдық округі);
0,9
01-004-054 Арбузинка ауылы (Бірлік ауылдық округі);
0,9
01-004-061 Раздольное ауылы (Белгород ауылдық округі);
0,9
01-004-059 Преображенка ауылы (Белгород ауылдық округі);
0,8
01-004-035 Меньшиковка ауылы (Ақсоран ауылдық округі);
0,8
01-004-055 Петриковка ауылы (Бірлік ауылдық округі);
0,8
01-004-046 Барақпай (Барақпай ауылдық округі);
0,7
01-004-037 Хлебное ауылы, Шәшке ауылы (Барақпай ауылдық округі).
0,9 – аймағы бойынша орташа маңыздылығы