Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов

Бұйрық · № 362 · қабылданған 12.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-214207/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов Қолданыста Бұйрық ·№ 362 ·12.09.2025
12.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых приказов

Қолданыста Бұйрық ·№ 362 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
362
Қабылданған күні
12.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
28.09.2025
Көрсетілген редакция
12.09.2025 214207_777790.kaz
Соңғы өзгеріс
12.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036832
ЭКБ идентификаторы
214207
Редакция идентификаторы
214207_777790
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:19

0 Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2025 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 362 бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

1

1. «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 наурыздағы № 164 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 20247 болып тіркелді);

2 2. «Жай серіктестіктің бірлескен қызмет туралы үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 184 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 20306 болып тіркелді);

3

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 24 бұйрығының 1-тармағы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 33983 болып тіркелді);

4

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 42 бұйрығының 1-тармағы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 33969 болып тіркелді).

Қолданыстағы