Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы

Бұйрық · № 356 · қабылданған 11.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-214273/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Қолданыста Бұйрық ·№ 356 ·11.09.2025
11.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы

Қолданыста Бұйрық ·№ 356 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
356
Қабылданған күні
11.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
03.10.2025
Көрсетілген редакция
11.09.2025 214273_774725.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036841
ЭКБ идентификаторы
214273
Редакция идентификаторы
214273_774725
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:21

0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

0 Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2025 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 356 бұйрығына
қосымша
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

1

1. «Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 53/НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18594 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тiзбесінде:
1-бөлімнің реттік нөмірі 10-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
10
қызметтің көрсетілген кіші түріне қатысты өндірісті ұйымдастыру жоспар-кестесі
монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті органмен қорғаныс өнеркәсібі саласында жүргізіліп жатқан саясаттың сәйкестігі тұрғысынан келісілген, ұйым басшысымен бекітілген құжат, монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, жасау жөніндегі жоспар-кесте
жоспарланып отырған қызметтің сәйкестігіне талдау жүргізу кезінде қорғаныс өнеркәсібін дамытудың бағыттарын айқындайтын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, сондай-ақ мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекет басшылығы мен Үкіметтің нұсқаулары (тапсырмалары) назарға алынады
»;
2-бөлімнің реттік нөмірі 10-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
10
қызметтің көрсетілген кіші түріне қатысты өндірісті ұйымдастыру жоспар-кестесі
монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті органмен қорғаныс өнеркәсібі саласында жүргізіліп жатқан саясаттың сәйкестігі тұрғысынан келісілген, ұйым басшысымен бекітілген құжат, монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды жөндеу жөніндегі жоспар-кесте
жоспарланып отырған қызметтің сәйкестігіне талдау жүргізу кезінде қорғаныс өнеркәсібін дамытудың бағыттарын айқындайтын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, сондай-ақ мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекет басшылығы мен Үкіметтің нұсқаулары (тапсырмалары) назарға алынады
»;
3-бөлімнің реттік нөмірі 7-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
7
қызметтің көрсетілген кіші түріне қатысты өндірісті ұйымдастыру жоспар-кестесі
монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті органмен қорғаныс өнеркәсібі саласында жүргізіліп жатқан саясаттың сәйкестігі тұрғысынан келісілген, ұйым басшысымен бекітілген құжат, монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды сатып алу және өткізу жөніндегі жоспар-кесте
жоспарланып отырған қызметтің сәйкестігіне талдау жүргізу кезінде қорғаныс өнеркәсібін дамытудың бағыттарын айқындайтын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, сондай-ақ мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекет басшылығы мен Үкіметтің нұсқаулары (тапсырмалары) назарға алынады
».

2

2. «Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 54/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18605 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:
1-бөлімнің реттік нөмірі 9-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
9
қызметтің көрсетілген кіші түріне қатысты өндірісті ұйымдастыру жоспар-кестесі
босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті органмен қорғаныс өнеркәсібі саласында жүргізіліп жатқан саясаттың сәйкестігі тұрғысынан келісілген, ұйым басшысымен бекітілген құжат, босатылатын оқ-дәрілерді құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі жоспар-кесте
жоспарланып отырған қызметтің сәйкестігіне талдау жүргізу кезінде қорғаныс өнеркәсібін дамытудың бағыттарын айқындайтын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, сондай-ақ мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекет басшылығы мен Үкіметтің нұсқаулары (тапсырмалары) назарға алынады
«;
2-бөлімнің реттік нөмірі 9-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
9
қызметтің көрсетілген кіші түріне қатысты өндірісті ұйымдастыру жоспар-кестесі
босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті органмен қорғаныс өнеркәсібі саласында жүргізіліп жатқан саясаттың сәйкестігі тұрғысынан келісілген, ұйым басшысымен бекітілген құжат, босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі жоспар-кесте
жоспарланып отырған қызметтің сәйкестігіне талдау жүргізу кезінде қорғаныс өнеркәсібін дамытудың бағыттарын айқындайтын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, сондай-ақ мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекет басшылығы мен Үкіметтің нұсқаулары (тапсырмалары) назарға алынады
«.

2

2. «Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына мемлекеттік қолдау шараларын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 675 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19312 болып тіркелген):
Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына мемлекеттік қолдау шараларын беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді (бұдан әрі – ҚӨК) мемлекеттік қолдауды қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) ҚӨК ұйымдарын дамыту бағыттарының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясат бағыттарына сәйкестігін айқындауды негізге ала отырып ұйымдастырады.».

Қолданыстағы