Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня ценных видов рыб и других водных животных, являющихся объектами рыболовства

Бұйрық · № 281 · қабылданған 05.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-214326/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении перечня ценных видов рыб и других водных животных, являющихся объектами рыболовства Қолданыста Бұйрық ·№ 281 ·05.09.2025
05.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня ценных видов рыб и других водных животных, являющихся объектами рыболовства

Қолданыста Бұйрық ·№ 281 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня ценных видов рыб и других водных животных, являющихся объектами рыболовства
Атауы (қаз.)
Балық аулау объектілері болып табылатын балықтардың және басқа да су жануарларының құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
281
Қабылданған күні
05.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
30.09.2025
Көрсетілген редакция
05.09.2025 214326_780736.kaz
Соңғы өзгеріс
05.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25F0000281
ЭКБ идентификаторы
214326
Редакция идентификаторы
214326_780736
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:27

0 Балық аулау объектілері болып табылатын балықтардың және басқа да су жануарларының құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-76) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Балық аулау объектілері болып табылатын балықтардың және басқа да су жануарларының құнды түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Балық аулау объектілері болып табылатын балықтардың және басқа да су жануарларының құнды түрлерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2025 жылғы ___________
№ ___________________
бұйрығымен бекітілген
Балық аулау объектілері болып табылатын балықтардың және басқа да су жануарларының құнды түрлерінің тізбесі
Р/с

Балықтардың және басқа да су жануарларының түрлері
1
Қортпа
2
Орыс бекiресi
3
Шоқыр
4
Пiлмай (Арал және Іле популяциясынан басқасы)
5
Сүйрiк
6
Бадырақкөздi шерміш
7
Каспий теңіз майшабағы, бражников майшабағы
8
Каспий өтпелі майшабағы, қара жон
9
Жұмырбасты қарынсау
10
Майқап
11
Көкшұбар
12
Парсы бекіресі
13
Пайдабалық
14
Бадырақкөздi тюлька
15
Каспий шерміші
16
Сiбiр қадырғысы
17
Тікен, сингиль
18
Шортан
19
Торта
20
Тұрпан
21
Аққайран
22
Ақ амур
23
Ақмарқа
24
Қызыл қанат
25
Балпанбалық
26
Қырлықұрсақ
27
Оңғақ
28
Едiл қызылкөзi
29
Кәдiмгi шармай
30
Қабыршақсыз көкбас
31
Майбалық
32
Табан
33
Қылышбалық
34
Алтын түсті мөңке
35
Сазан (тұқы)
36
Ақ дөңмаңдай
37
Шұбар дөңмаңдай
38
Кәдімгі жайын
39
Нәлiм
40
Қабыршақты көкбас
41
Балқаш алабұғасы (Балқаш-Іле популяциясынан басқа)
42
Кәдімгі көксерке
43
Берш
44
Атлант майшабағы
45
Үлкенауызды буффало
46
Түйетабан
47
Ұзынсаусақты шаян (түркістандық кіші түрінен басқасы)
48
Анчоустектес тюлька (майшабақ)
49
Қара теңіз каспий тюлькасы
50
Құбылмалы бахтах (микижа)
51
Айнакөз
52
Көктыран
53
Өзен алабұғасы
54
Марқакөл майқабы
55
Теңіз көксеркесі
56
Кәдімгі ақсаха
57
Сүйіртұмсықты тікен
58
Қаракөз
59
Балқаш шармайы
60
Күміс түстес мөңке
61
Тұрпа
62
Кәдімгі таутан
63
Артемия жұмыртқалары (циста)
64
Гаммарус
65
Сүліктер
66
Дафния
67
Күтім

Қолданыстағы