Об утверждении Правил установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения «Областной молодежный ресурсный центр» государственного учреждения «Управление по вопросам молодежной политики Актюбинской области», финансируемого из местного бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения «Областной молодежный ресурсный центр» государственного учреждения «Управление по вопросам молодежной политики Актюбинской области», финансируемого из местного бюджета
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 187
- Қабылданған күні
- 15.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 15.09.2025 214335_774531.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25C000187A
- ЭКБ идентификаторы
- 214335
- Редакция идентификаторы
- 214335_774531
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:18
0 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысынның 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2 2. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
7 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2025 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 187 қаулысына
қосымша
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Орталық) қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылары) белгілеудің тәртібі мен шарттары, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің нормаларына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасының негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекітеді.
2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес айлықақы – қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасы мен жағдайларына, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.
3 3. Мемлекеттік басқару органы-жарғыға сәйкес Орталықтың уәкілетті органы болып табылатын тиісті саладағы мемлекеттік мекеме.
4 4. Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.
2 2-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
5 5. Мемлекеттік басқару органы ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
6
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес Ақтөбе облысының жергілікті бюджетінен ынталандыру үстемелерін төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті бюджет қаражатын көздейді және бюджет жобасын Ақтөбе облысының мәслихатына жібереді.
7 7. Уәкілетті орган ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілегеннен кейін Орталық басшысы кызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеу туралы бұйрық шығарады.
8 8. Орталық басшысы еңбек және/немесе атқарушылық тәртіпті бұзған жағдайда, өз қызметкерлерінің ынталандыру үстемесінің мөлшерін жеке тәртіппен қайта қарауға құқылы.
9 9. Ынталандырушы үстемеақылар төленбейді:
1 1) қызметкер сынақ мерзімінде болған кезеңде;
2 2) тиісті лауазым санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда.
3 3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы
үстемеақылар белгілеу шарттары
10 10. Ынталандырушы үстемеақылар персоналды ынталандыру және білікті кадрлар құрамын сақтау мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
11
11. Осы қаулыда көрсетілген Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар «Қазақстан Республикасы органдарының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазакстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 каулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне косымша төлемдер болып табылады.
12
12. Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың өзге түрлерін (лауазымдарды қоса атқарғаны үшін сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстеме ақылар, қамту аймағын кеңейткені үшін, үстеме ақылар және т.б.) төлеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды.