Об утвержении тарифов на оказание специальных социальных услуг
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утвержении тарифов на оказание специальных социальных услуг
- Атауы (қаз.)
- Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-3/185
- Қабылданған күні
- 25.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 29.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2025 214343_774558.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25BR03185A
- ЭКБ идентификаторы
- 214343
- Редакция идентификаторы
- 214343_774558
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:38
0 Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге арналған тарифтерді
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 31 – бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген), Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.
2 2. «Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін;
2 2) осы қаулыны Шортанды ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
Шортанды ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «____» ___________
№ _______ қаулысына
қосымша
1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
№
Мекемелердің түрлері
Қызмет алушылардың түрлері
Күніне 1 қызмет алушының тарифі
(теңге)
Кіші белгі
Қызмет алушының жағдайы
1
2
3
4
5
4.
Үйде қызмет көрсету
-
-
3 884,28