Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил общего водопользования в городе Шымкент

Ереже · № 29/268-VIII · қабылданған 17.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-214421/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил общего водопользования в городе Шымкент Қолданыста Ереже ·№ 29/268-VIII ·17.09.2025
17.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил общего водопользования в городе Шымкент

Қолданыста Ереже ·№ 29/268-VIII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил общего водопользования в городе Шымкент
Атауы (қаз.)
Шымкент қаласында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
29/268-VIII
Қабылданған күні
17.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
03.10.2025
Көрсетілген редакция
17.09.2025 214421_774912.kaz
Соңғы өзгеріс
17.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25E029268M
ЭКБ идентификаторы
214421
Редакция идентификаторы
214421_774912
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:15

0 Шымкент қаласында

ортақ су пайдалану
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Шымкент қаласында ортақ су пайдалану қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Шымкент қаласында ортақ су пайдалану қағидалары

Шымкент қаласы мәслихатының
2025 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 29/268-VIII шешіміне
қосымша
Шымкент қаласында
ортақ су пайдалану қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Шымкент қаласында ортақ су пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ бұйрығымен бекітілген Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың Шымкент қаласының аумағында ортақ пайдаланылатын су объектілерінде ортақ су пайдалануды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2

2. Ортақ су пайдалануды жеке тұлғалар рекреацияға, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес бос уақыттың өзге де нысандарына, сондай-ақ жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға деген жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады.

3 3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

4 4. Ортақ су пайдалану кезінде су объектілерін пайдалану су объектісінің ажырамас бөлігі болып табылатын жария су сервитуты шеңберінде жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Ортақ су пайдалану тәртібі

5 5. Шымкент қаласының әкімдігі жеке тұлғалардың ортақ су пайдалану құқығын жүзеге асыру мақсатында:

1 1) су обьектілеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

2 2) ортақ су пайдалану су объектілерінде жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды айқындайды;

3 3) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су объектілерінің және (немесе) учаскелерінің және іргелес жағалау белдеуінің учаскелерін айқындайды;

4 4) халыққа ортақ су пайдалану бойынша орнатылған шектеулер мен тыйымдар туралы хабарлауды қамтамасыз етеді.

6 6. Су объектісіне тікелей қолжетімділік болмаған жағдайда Шымкент қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қоғамдық сервитут орнатады.

7 7. Шектеулер немесе тыйымдар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялануға жатады және су объектілерінің жағалауында арнайы ақпараттық белгілер орнату арқылы танысуға қолжетімді болуға тиіс.

8 8. Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін су объектілерін пайдалану санитарлық қорғау аймағынан тыс жерде және суару алаңдары мен су объектілерін ластау мен кірлетудің алдын алатын басқа да құралдар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

9 9. Балық шаруашылығы су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, аталмыш су объектісінде көл-тауар шаруашылығын жүргізу құқығы берілген тұлғаларға ұйымдастырылады.

10 10. Ортақ су пайдалану объектілерін пайдалану кезінде мыналарға жол берілмейді:

1 1) су объектілеріне жеке тұлғалардың қолжетімділігін шектейтін қоршауларды, шлагбаумдарды, тыйым салатын белгілерді және басқа да құралдарды өздігінен орнатуға;

2 2) су объектілерін ластау және кірлетуге;

3 3) шомылуға арналған жерлерде көлікті жуу, киім жуу және жануарларды шомылдыруға;

4 4) арнайы ақпараттық белгілер орнатылған, ескерту немесе тыйым салу жазулары бар жерлерде шомылуға;

5 5) арнайы ақпараттық белгілерді өздігінен алып тастау, зақымдау немесе жоюға;

6 6) жанармай және майлау материалдарын сақтауға;

7 7) көлікті жанармаймен қамтамасыз ету, жуу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

8 8) су объектілерінде және олардың жанында кәмелетке толмаған балаларды ересектерсіз қалдыруға.

Қолданыстағы