Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения реестра субъектов аквакультуры

Бұйрық · № 296 · қабылданған 16.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-214443/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения реестра субъектов аквакультуры Қолданыста Бұйрық ·№ 296 ·16.09.2025
16.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения реестра субъектов аквакультуры

Қолданыста Бұйрық ·№ 296 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения реестра субъектов аквакультуры
Атауы (қаз.)
Аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
296
Қабылданған күні
16.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
04.10.2025
Көрсетілген редакция
16.09.2025 214443_781723.kaz
Соңғы өзгеріс
16.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036882
ЭКБ идентификаторы
214443
Редакция идентификаторы
214443_781723
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:16

0 Аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы

7 Аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 296 бұйрығымен бекітілген
Аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) аквашаруашылық – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызмет;

2 2) аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – аквашаруашылық саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3 3) аквашаруашылық субъектілері – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар.

2 2-тарау. Аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу тәртібі

3 3. Аквашаруашылық субъектілері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аквашаруашылық субъектілерінің тізіліміне енгізуге арналған мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) ұсынады.

Мәліметтерді аквашаруашылық субъектісі почта байланысы қызметтері арқылы, электрондық түрде «Электрондық жолданымдар» ақпараттық талдау жүйесі арқылы, аумақтық бөлімшенің электрондық мекенжайы бойынша жібереді не аумақтық бөлімшенің кеңсесі арқылы қолма-қол енгізеді.

4 4. Мәліметтер келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімше олардың толықтығы мен дұрыстығы тұрғысынан қарайды.

Ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы анықталған жағдайда аумақтық бөлімше аквашаруашылық субъектісіне аквашаруашылық субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жібереді.
Толық емес және (немесе) дұрыс емес мәліметтер берілген жағдайда аумақтық бөлімше аквашаруашылық субъектісіне себептерін көрсете отырып, аквашаруашылық субъектілерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.

5 5. Аумақтық бөлімшесі мәліметтерді жинауды және жинақтап-қорытындылауды жүзеге асырады және тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың күнтізбелік 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей оларды уәкілетті орган ведомствосына ұсынады.

6 6. Уәкілетті органның ведомствосы республика бойынша мәліметтерді жинауды, жинақтап-қорытындылауды және талдауды жүзеге асырады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жасайды.

Уәкілетті органның ведомствосы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей уәкілетті органның www.gov.kz ресми интернет-ресурсында жаңартылған тізілімді жариялауды жүзеге асырады.

1 Аквашаруашылық

субъектілерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне (бұдан әрі – Комитет)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Аквашаруашылық субъектілерінің тізіліміне енгізуге арналған мәліметтер
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-жт нысан
Кезеңділігі: бір жолғы/тоқсан сайынғы
Есепті кезең: ________ 20__ жыл / 20___ жылғы ________ тоқсан
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: аквашаруашылық субъектілері, аумақтық бөлімшелер
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
аумақтық бөлімшелерге – мемлекеттік тіркелген немесе заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама берілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
Комитетке – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей
Жеке сәйкестендіру нөмірі /
бизнес сәйкестендіру нөмірі
Жинау әдісі: қағаз тасымалдағышта немесе электрондық түрде

Аква­ша­ру­а­шы­лық субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы
Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі / биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші бой­ын­ша ко­ды
Ша­ру­а­шы­лық­тың ор­на­лас­қан же­рі­нің ме­кен­жайы
Да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де тір­кел­ген/заң­ды тұл­ға ре­т­ін­де мем­ле­кет­тік тір­кел­ген кү­ні
Жү­зі­ге асы­ры­ла­тын ша­ру­а­шы­лық қыз­ме­ті­нің тү­рі
Аква­ша­ру­а­шы­лық объ­ек­ті­сі (өсі­рі­ле­тін тү­рі)
Жо­ба­лық қу­ат­ты­лы­ғы (тон­на)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Атауы __________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны _______________________________________________________
Электрондық почтасының мекенжайы _______________________________
Орындаушы ____________________________________________________
( аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
____________________________ ______________________________________
(қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Аквашаруашылық субъектілерінің тізіліміне енгізуге арналған мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

20 Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Аквашаруашылық субъектілерінің тізіліміне енгізуге арналған мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсініктеме (индекс: № 1-жт, кезеңділігі: бір жолғы/тоқсан сайын)

Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
«Аквашаруашылық
субъектілерінің тізіліміне
енгізуге арналған мәліметтер»
нысанына қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Аквашаруашылық субъектілерінің тізіліміне енгізуге арналған мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсініктеме
(индекс: № 1-жт, кезеңділігі: бір жолғы/тоқсан сайын)

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсініктеме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Аквашаруашылық субъектілерінің тізіліміне енгізуге арналған мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысанды аквашаруашылық субъектілері және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) толтырады.

3 3. Нысанға орындаушы мен басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

4 4. Нысанды:

аквашаруашылық субъектілері аумақтық бөлімшелерге заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркелген немесе дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама берілген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде;
аумақтық бөлімшелер Комитетке тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей ұсынады.

2 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

5 5. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

6 6. Нысанның 2-бағанында аквашаруашылық субъектісінің атауы көрсетіледі.

7 7. Нысанның 3-бағанында аквашаруашылық субъектісінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

8 8. Нысанның 4-бағанында экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды мен атауы көрсетіледі.

9 9. Нысанның 5-бағанында аквашаруашылық субъектісі шаруашылығының орналасқан жерінің мекенжайы (Әкімшілік-аумақтық объектілердің ұлттық жіктеуішіне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы) көрсетіледі.

10 10. Нысанның 6-бағанында дара кәсіпкер ретінде тіркелген/заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күні көрсетіледі.

11 11. Нысанның 7-бағанында аквашаруашылық субъектісінің жүзеге асырылатын шаруашылық қызметінің түрі көрсетіледі.

12 12. Нысанның 8-бағанында аквашаруашылық объектісі (балықтың/су моллюскаларының/шаян тәрізділердің өсірілетін түрі) көрсетіледі.

13 13. Нысанның 9-бағанында объектінің жобалық қуаты тоннамен көрсетіледі.

2 Аквашаруашылық субъектілерінің тізілімі

Аквашаруашылық
субъектілерінің тізілімін
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Аквашаруашылық субъектілерінің тізілімі

Аква­ша­ру­а­шы­лық субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы
Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі / биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші бой­ын­ша ко­ды
Ша­ру­а­шы­лық­тың ор­на­лас­қан же­рі­нің ме­кен­жайы
Да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де тір­кел­ген/заң­ды тұл­ға ре­т­ін­де мем­ле­кет­тік тір­кел­ген кү­ні
Жү­зі­ге асы­ры­ла­тын ша­ру­а­шы­лық қыз­ме­ті­нің тү­рі
Аква­ша­ру­а­шы­лық объ­ек­ті­сі (өсі­рі­ле­тін тү­рі)
Жо­ба­лық қу­ат­ты­лы­ғы (тон­на)
1
2
3
4
5
6
7
8
9

Қолданыстағы