Об утверждении нормативов промыслового усилия
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении нормативов промыслового усилия
- Атауы (қаз.)
- Кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 280
- Қабылданған күні
- 05.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 05.09.2025 214460_802255.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25F0000280
- ЭКБ идентификаторы
- 214460
- Редакция идентификаторы
- 214460_802255
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:27
0 Кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кәсіпшілік күш-жігер нормативтері бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
1 Кәсіпшілік күш-жігер нормативтері
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
20__ жылғы ____________
№ ______________
бұйрығына қосымша
Кәсіпшілік күш-жігер нормативтері
Су айдыны
Саны*
қойылмалы аулардың
аулардың (тастама аулардың және/немесе қойылмалы)
қабадалардың
балықшылардың
кемелердің
қайықтардың
Жайық өзені **
-
32
-
320
32
96
Қиғаш өзені **
-
28
-
280
28
84
Қиғаш өзенінің сағалық кеңістігі
3525
-
8225
591
20
197
Каспий теңізі Маңғыстау облысы жағалауында***
9504
61
609
821
61
411
Жайсан көлі
2778
42****
-
817
84
283
Бұқтырма су қоймасы
2925
11
-
528
11
231
Шүлбі су қоймасы
848
10
-
182
-
71
Өскемен су қоймасы
146
-
-
22
-
11
Шардара су қоймасы
892
22
-
266
22
89
Кіші Арал теңізі
4500
10
-
960
10
460
Сырдария өзені
80
4
-
64
4
24
Алакөл көлі
450
5
-
115
5
50
Сасықкөл көлі
580
5
-
141
5
63
Қошқаркөл көлі
90
1
-
23
1
10
Балқаш көлі
3600
54
-
684
108
180
Қапшағай су қоймасы
1 (бір) балықшыға 15
1 (бір) учаскеге 10
-
1 (бір) шақырым учаскенің ұзындығына***** 2
1 (бір) учаскеге 10
1 (бір) шақырым учаскенің ұзындығына***** 2
Нұра өзені
1 (бір) балықшыға
15
1 (бір) учаскеге
10
-
1 (бір) шақырым учаскенің ұзындығына*****
2
-
1 (бір) шақырым учаскенің ұзындығына*****
2
Қаныш Сатпаев атындағы канал
475
2
-
110
-
48
Ескертпелер:
* Қапшағай су қоймасын есепке алмағанда, кәсіпшілік балық аулауға рұқсат пайдаланушыға осы балық шаруашылығы су айдынына бекітілген кәсіпшілік күш-жігер нормативіне және оған пропорционалды бөлінген квота үлесіне (бөлінген квотаның осы балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде кәсіпшілік балық аулауға арналған жалпы лимитке қатынасы) қарай беріледі.
Әрбір пайдаланушы үшін кәсіптік күш-жігер нормативін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Нкн = Нбекіт x квота/лимит,
мұндағы:
Нкн – балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне арналған кәсіпшілік күш-жігер нормативі (балықшылардың, аулардың, жылымдардың, қайықтардың, кемелердің саны) (бірлік);
Нбекіт – су айдынына бекітілген кәсіпшілік күш-жігер нормативі (бірлік);
квота – ағымдағы жылдың 1 қаңтардан 31 желтоқсанына дейін пайдаланушыға бөлінген квота (тонна);
лимит – ағымдағы жылдың 1 қаңтардан 31 желтоқсанына дейін кәсіпшілік балық аулауға бекітілген лимит (тонна);
** Жайық және Қиғаш өзендерінің ұйықтық учаскелеріне кәсіпшілік күш-жігер нормативтері жалпы бекітілген нормативтерді ұйықтық учаскелер санына бөлу жолымен белгіленеді (бөлінген квота үлесін есепке алмай);
*** Маңғыстау облысының жағалауындағы Каспий теңізі үшін «лимит» көрсеткіші майшабақтарды өндіру үшін көзделген көлемдерді есепке алмай, осы акваторияның бекітілген учаскелерінде кәсіпшілік аулауды жүзеге асыратын пайдаланушылар квоталары мен бекітілген учаскелерден тыс теңіздің ашық бөлігінде өндіруді жүргізетін пайдаланушылар квоталарының сомасы ретінде айқындалады;
**** тек тастама ауларды қолдану;
*****балық шаруашылығы учаскесінің паспортына сәйкес учаскенің жаға бойынша ұзындығы;