Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов

Бұйрық · № 228 · қабылданған 24.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-214547/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов Қолданыста Бұйрық ·№ 228 ·24.09.2025
24.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых приказов

Қолданыста Бұйрық ·№ 228 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
228
Қабылданған күні
24.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
06.10.2025
Көрсетілген редакция
24.09.2025 214547_775740.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036931
ЭКБ идентификаторы
214547
Редакция идентификаторы
214547_775740
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:05

0 Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрлiгi

0 Күші жойылған кейбір бұрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 228
бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұрықтардың тізбесі

1

1. «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17800 болып тіркелген).

2

2. «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 425 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19415 болып тіркелген).

3

3. «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлау, сондай-ақ колледждер мен ЖОО-ларда кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 128 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20303 болып тіркелген).

4

4. «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 132 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20339 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 21 - тармағы.

5

5. «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлау, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 457 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21506 болып тіркелген).

6

6. «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 25 қарашадағы № 571 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25428 болып тіркелген).

Қолданыстағы