Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения и формы журнала учета актов о назначении проверок в сфере территориальной обороны

Бұйрық · № 1237 · қабылданған 09.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-214597/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения и формы журнала учета актов о назначении проверок в сфере территориальной обороны Қолданыста Бұйрық ·№ 1237 ·09.09.2025
09.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения и формы журнала учета актов о назначении проверок в сфере территориальной обороны

Қолданыста Бұйрық ·№ 1237 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения и формы журнала учета актов о назначении проверок в сфере территориальной обороны
Атауы (қаз.)
Аумақтық қорғаныс саласында тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу ережесімен оның нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1237
Қабылданған күні
09.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
06.10.2025
Көрсетілген редакция
09.09.2025 214597_775652.kaz
Соңғы өзгеріс
09.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25B0001237
ЭКБ идентификаторы
214597
Редакция идентификаторы
214597_775652
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:25

0 Аумақтық қорғаныс саласында тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу ережесімен оның нысанын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу ежересі;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аумақтық қорғаныс саласында тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналының нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Аумақтық қорғаныс департаменті:

1

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Аумақтық қорғаныс саласында тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу ережесі

1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғанысминистрінің
2025жылғы «__» ________
№ ___ бұйрығымен
бекітілген
Аумақтық қорғаныс саласында тексерулерді тағайындау туралы
актілерді есепке алу журналын жүргізу ережесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Аумақтық қорғаныс саласында тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Ереже тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын (бұдан әрі – Есепке алу журналы) жүргізуді айқындайды, ол есепке алу журналын ресімдеуді және толтыруды қамтиды.

2 2-тарау. Қорғаныс саласында тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу ережесі

3 3. Есепке алу журналын аумақтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган толтырады.

4 4. Есепке алу журналы қағаз жеткізгіште жүргізіледі, нөмірленеді, тігіледі және оны жүргізуге тағайындалған жауапты адамның қолтаңбасымен және уәкілетті органның мөрімен (бар болса) куәландырылады.

5 5. Оған жазу толық, анық, ұқыпты жазылады, түзетулер мен қателерге жол берілмейді. Қате жазылған жазуды жауапты адам ескертіп, қолтаңбасымен куәландырады.

6 6. 1-бағанда аумақтық қорғаныс саласындағы әрбір тексеру актісі үшін реттік нөмір көрсетіледі.

7 7. 2-бағанда журналды толтыру күні көрсетіледі.

8 8. 3-бағанда аумақтық қорғаныс саласындағы тексеруді тағайындау туралы актінің нөмірі мен күні көрсетіледі.

9 9. 4-бағанда аумақтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның атауы көрсетіледі.

10 10. 5-бағанда аумақтық қорғаныс саласындағы тексеруді жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіледі.

11 11. 6-бағанда тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы көрсетіледі.

12 12. 7-бағанда тексерілетін субъектінің сәйкестендірунөмірі (БСН) көрсетіледі.

13 13. 8-бағанда аумақтық қорғаныс саласындағы тексеруді жүргізу мерзімі көрсетіледі.

14 14. 9-бағанда актілерге қол қоюға уәкілетті адамның қолтаңбасы көрсетіледі.

2 Тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналы

2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы «__» ________
№ ___ бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу
журналы
Р/с №
Жур­нал­ды тол­ты­ру кү­ні (кү­ні, айы, жы­лы)
Тек­се­ру­ді та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ак­ті­нің кү­ні және нө­мі­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ата­уы
Тек­се­ру­ді жүр­гізу­ге уәкі­лет­ті адам­ның (адам­дар­дың) те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) және ла­у­а­зы­мы
Тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті­нің (объ­ек­ті­нің) ата­уы
Тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті­нің сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (БСН)
Тек­се­ру­ді жүр­гі­зу мер­зі­мі
Ак­ті­лер­ге қол қо­ю­ға уәкі­лет­ті адам­ның қо­лы
1
2
3
4
5
6
7
8
9

Қолданыстағы