Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах регулирования вывоза заготовок из цветных металлов

Бұйрық · № 378 · қабылданған 22.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-214628/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О некоторых вопросах регулирования вывоза заготовок из цветных металлов Қолданыста Бұйрық ·№ 378 ·22.09.2025
22.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах регулирования вывоза заготовок из цветных металлов

Қолданыста Бұйрық ·№ 378 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах регулирования вывоза заготовок из цветных металлов
Атауы (қаз.)
Түсті металдардан дайындамаларды әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
378
Қабылданған күні
22.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
07.10.2025
Көрсетілген редакция
22.09.2025 214628_777601.kaz
Соңғы өзгеріс
22.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036912
ЭКБ идентификаторы
214628
Редакция идентификаторы
214628_777601
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:07

0 Түсті металдардан дайындамаларды әкетуді реттеудің

кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН коды) 7402 00 000 0 - тазартылмаған мыс, электролиттік тазартуға арналған мыс анодтары, 7403 13 000 0 - илектеуге арналған дайындамалар, 7403 29 000 0 - өзге де мыс қорытпалары (7405 тауар позициясының лигатураларынан басқа), 7413 00 000 - бұралған сым, кабельдер, өрілген сымдар және электр оқшаулаусыз мысдан жасалған ұқсас бұйымдар, 7601 20 200 9 - өзгелерін, 7801 91 000 0 - құрамында басқа элементтер арасында массасы басым элемент ретінде сурьма бар, 7801 99 100 0 - тазарту үшін, 7801 99 900 0 - өзгелерін әкетуге 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салу енгізілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны ақпараттандыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы