Об утверждении Типового положения о егерской службе субъектов рыбного хозяйства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Типового положения о егерской службе субъектов рыбного хозяйства
- Атауы (қаз.)
- Балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 321
- Қабылданған күні
- 23.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 10.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2025 214673_776108.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036922
- ЭКБ идентификаторы
- 214673
- Редакция идентификаторы
- 214673_776108
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:07
0 Балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-56) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
0 Балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 321
бұйрығымен бекітілген
Балық шаруашылықтары субъектілерінің
қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Балық шаруашығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 508-56) тармақшасына сәйкес әзірленді және балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметін (бұдан әрі – қорықшылық қызмет) реттейді.
2 2. Балық шаруашылығы субъектілері осы Үлгілік ережеге сәйкес қорықшылық қызмет туралы ережені әзірлейді.
3 3. Қорықшылық қызмет бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау функцияларын жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектілерінің құрылымдық бөлімшесі нысанында құрылады.
4 4. Қорықшылық қызмет туралы ережені, сондай-ақ қорықшылық қызметтің штат санын балық шаруашылығы субъектісінің басшысы бекітеді.
5
5. Балық шаруашылығы субъектілері қорықшылық қызмет құрылған немесе оның құрамы өзгерген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қорықшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, куәлігінің нөмірі және қорықшының төсбелгісі көрсетілген қорықшылардың тізімі бар ақпаратты балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) ұсынады.
2 2-тарау. Қорықшылық қызмет жұмыскерлерінің өкілеттігi және оның қызметінде пайдаланылатын құжаттар
6 6. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қорықшыға:
1 1) кейiннен балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне мiндеттi түрде беру үшiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
2 2) қызметтік қаруды алып жүруге және айырым белгілері бар арнаулы киім киюге;
3 3) жеке және заңды тұлғалардың балық аулауға құқық беретін құжаттарын тексеруге;
4
4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған аулау құралдарын, заңсыз ауланған балық өнімдерін, тыйым салынған аулауға арналған қару түрлерін кейіннен міндетті түрде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға немесе Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне беру үшін алып қоюға;